» » Жарқын болашаққа жолдама

Жарқын болашаққа жолдама


Өткен сенбіде он бір жыл бойы білім нәрімен сусындап, білім ордасын тәмамдаған тағы бір жас толқын үлкен өмірге қадам басты. Аудан көлемінде 674 мектеп бітіруші түлекке аттестат табысталды. Биылғы жылғы түлектердің 565-і ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңінен өтіп,  аудан бойынша 83,01 орташа баллдық көрсеткішке қол жеткізді.
Олардың арасында 63-і «Алтын белгі» төсбелгісін қорғап шықса, 25 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Сонымен бірге биыл 4 оқушы жалпы пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадаларда «үздік» атанып, жоғары көрсеткіштер көрсетсе, халықаралық және республикалық байқауларға қатысып жоғары нәтижеге жеткен 7 оқушы еліміздегі таңдаулы жоғарғы оқу орындарының гранттарын жеңіп алған. Алдағы уақытта олар сол оқу орындарында білімдерін шыңдайтын болады.
Т.Көмекбаев атындағы  №250 мек­теп-лицейінде «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім» тақырыбында аттес­тат тапсыру кеші болды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Нәзікбаев, ұстаздар, бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты. Тәртіпке сай мектеп ауласындағы ашық алаңда өткізілген жиын 3 тілде жүргізілді. Оқу жылының қорытындысына сай бұл мектептен 59 түлек түлеп ұшты. Оның 11-і «Алтын белгіге», 1-еуі үздік аттестатқа ие болды.
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары бітірушілерге ақ тілегін білдіріп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектерге сәттілік тіледі.
– Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, сіздердің сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасалуда. Мемлекет басшысы еліміздің тәуелсіздігін тұғырлы, ұрпақ болашағын баянды етуде жаңа ұрпаққа үлкен сенім артып, білім саласын дамытуға ерекше назар аударып келеді. Әртүрлі сайыстан ауданның атын асқақтатып жүрген озат оқушылар мен пәндік олимпиада жеңімпаздарына, үлгілі спортшыларға, көпшілік қошеметіне бөленген өнерпаз дарындарға алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілеймін. Олар білім мен тәрбие алудың жақсы үлгілерін көрсетіп, барлық уақытта аудан мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосты. Егемен еліміздің айбынын асқақтатар, үкілі үмітін ақтар жалынды жастардың қатары көбейе берсін. Олай болса, күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде, алыс-жақын шет елдерде де еліміздің атын жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер. Сондықтан құрметті түлектер, жарқын болашақтың кілті сіздердің қолдарыңызда, – деді аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы.
Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Нәзікбаев түлектерге жылы лебізін білдірсе, мектеп директоры Гүлжаһан Мұнарбаева өткен жылға қорытынды жасап, мектеп бітірушілерге ақ жол тіледі. 11 жыл бойы баласын білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға деген алғысын ата-аналардың атынан Нұрсәуле Сәнібаева жеткізді. Аналық алғаусыз ақ тілегін білдіріп, ризашылықпен алғыс айтты. Үлкен өмірге қадам басқан түлектердің сынып жетекшісі Салтанат Алтруова оқушыларына сәттілік тілесе, биылғы бітіруші, «Алтын белгі» иегері Айнұр Айтмағанбет ұстаз қауымына алғысын айтты. Сапалы білім беріп, кемел болашақ үшін еңбек еткен ұстаздарына, әрдайым қолдап, сенім білдірген ата-аналарына ризашылығын жеткізіп, балалық шақты бірге өткізген сыныптастарына сәттілік тіледі. Салтанатты жиын түлектердің вальсімен аяқталып, бейбітшіліктің символына айналған көгершін ұшырылды.  Алтын ұясынан қанаттанған әрбір түлектің өмір жолы жарқын бастамаларға толы болып, ел абыройын асқақтата берсін дейміз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
15 маусым 2021 ж. 1 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 373

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 453

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930