» » «Алтын белгіге»үміткер оқушылармен арнайы кездесу

«Алтын белгіге»үміткер оқушылармен арнайы кездесу

qarmaqshy-tany.kz Кеше аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мажитқызының арнайы қатысуымен №183 Ү.Томанов атындағы орта мектепте «Ел болашағы – білімді ұрпақ!» тақырыбында аудан мектептері бойынша «Алтын белгіге» үміткер оқушылармен кездесу кеші өткізілді.

Келелі кездесу алдында аудан мектептерінен жиналған үздіктерге өз-өздерін сергіту, бірін-бірі танып білу мақсатында психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар талапкерлердің білім деңгейін анықтау мақсатындағы бақылау жұмыстары алынып, үміткерлерге көңіл серпілтер кофе-брейк ұсынылды.

Оқушылармен кездесуінде білім бөлімі басшысы биылғы «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру заңдылықтары, оны қорғаудағы басты ерекшеліктер, үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерге мамандық таңдаудың маңыздылығы жайында түсіндірме жүргізіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өзіндік ойын ортаға салды.

Сондай-ақ, мектеп бітіруші түлектер бас ұстазға көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Пікірлерін білдіріп, алғыстарын да жеткізді.

15 қаңтар 2023 ж. 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 186
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 833

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031