» » Челлендж шектен шығу болмасын

Челлендж шектен шығу болмасын

qarmaqshy-tany.kz Қазір техниканың дамыған заманы. Күн сайын түрлі жаңалықтар болуда. Әлеуметтік желіге біраз уақыт кірмей қалсаңыз, бар қызықтан құр қалдым дей беріңіз. Бүгінде инстаграмды ашсаңыз сол-ақ челлендждан көз сүрінеді. Челлендж жайында хабарыңыз бар болар? Егер сіз әлеуметтік желіні жиі қолданатын болсаңыз, бұл сізге таңсық емес. Ал білмейтін болсаңыз, аз-кем ақпарат бере кетейік. Жалпы челлендж қандай мағына береді? Осыдан аз уақыт бұрын «челлендж» сөзі көпшілікке бейтаныс болатын, дегенмен әлеуметтік желідегі тез таралуына байланысты қазірде әлемге тарап отыр. Челлендж ағылшын тілінен Challenge – шақыру деген мағынаны береді. Бұл ғаламтордағы желінің бір жанрЫНА айналып келеді. Нақтырақ айтсақ, желі қолданушысы белгілі бір видео түсіріп, оны ғаламторға жүктейді. Кезегінде достарына не таныстарына түсірілген видеоны жолдап, я болмаса әлеуметтік желіге жүктеп, сәйкесінше оны қайталауға шақырады.
Челлендж Instagram, YouTube және басқа танымал әлеуметтік желілердегі адамдар санын күн санап өзіне тартады. Қазіргі уақытта челлендж жеке блог жүргізушілердің басты құралы десек те болады. Челленджды қазіргі заманғы әлеуметтік шындықтың виртуализациясының көрінісі деп қарастыруға да болады. Челлендждың басты мақсаты – «Лүпіл» мен пікір саны­ның көп болып, жүктеген бейнежазба арқылы танымалдылықтың артуы.
Жасыратыны жоқ, әлеуметтік желі­лерде мағынасыз челлендж саны да көбейіп барады. Өзгелердің танымал­ды­лыққа ие боламын деп видеоның тез таралуын көздеп, қажетсіз әрі мағынасыз бейнежазба жүктеп, өзгелердің санасын улап жатқаны көңіл көншітпейді. Дегенмен жастар осы дүниені тез таратуға құмар. Бірді-екілі бейнежазба түсіріп, қызығына еніп кетіп, әлеуметтік желіге күнде "оны" салуды өзіне мақсат еткендер де аз емес.
Челлендж кей жағдайда пайдалы әрі мотивация беруі мүмкін. Мысалы осыдан біраз жыл бұрын желіде ең көп тарап, танымал болған Ice Bucket Challenge. Бұл үстіге бір шелек салқын су құйып, оны келесі адамға жолдайтын челлендж. Мұның тарихына үңілсек, еріктілер компаниясының бастасымен көтерілген аталмыш челлендждің мақсаты амио­трофиялық жанама склерозбен ауыра­тындардың емін табуға қаржылай кө­мек беруге әрі қайырымдылыққа бағытталған. Шарт бойынша егер эстафетаны қабылдаушы 24 сағат ішінде қайталамаса оған 100 доллар төлеуге міндетті. Осы секілді жақында «10 жыл бұрын» деп желіде суреттерін жарыса салды жұрт. Бұл да өзімізге есеп беріп, ой саларлықтай челлендж болды.
Иә, қандай да дүние болмасын, өзіміздің кәдемізге жарап, өмірде қажет болады-ау дегеннен қапы қалып қой­майық!
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
08 қаңтар 2023 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 260

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930