» » «Егемен елдің ертеңі – біз»

«Егемен елдің ертеңі – біз»

qarmaqshy-tany.kz «Желтоқсан» – тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл – империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен – қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық», – деп заңғар жазушы Шерхан Мұртаза айтқандай, желтоқсан оқиғасы тәуелсіздікке жол ашқан қозғалыс болды.

No121 орта мектепте тарих пәні бірлестігінің жоспары аясында пән мұғалімі Талғат Бұқпановтың ұйымдастыруымен «Егемен елдің ертеңі – біздер» тақырыбында Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Жосалы кенті әкімшілігінің салықшы маманы Жұмагүл Тобжанова мен No183 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Ақбөпе Асқарова және тәуелсіздіктің төл құрдастары, мектебіміздің 1991 жылы туған түлектері Әуезхан Тұрсынбаев пен Анар Ідірісовалардың қатысуымен басқосу өтті. Мақсаты – тарихи оқиғаның себебін түсіндіру. Желтоқсан көтерілісі 1986 жылы 16-17 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары болатын. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға еді.
Кездесу кеште желтоқсан оқиғасы желісіне құрылған видеороликтер көрсетіліп, 5-сынып оқушылары әдеби монтаждар көрсетті. Желтоқсаншылар оқиға төңірегінде толғамды ойларын ортаға салып, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Т.САҒАТҰЛЫ,
мектеп директорының ғылыми-әдістеме
жөніндегі орынбасары
20 желтоқсан 2022 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 735

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031