Әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттің сенімді өкілі
qarmaqshy-tany.kz «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 12 қадамын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітіліп, ережеге сәйкес әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді.
Осы жылдың 22 ақпанында Президент Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы қабылданды. Осыған сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс болады.
Қазіргі таңда аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіліп келеді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы жүйелі түрде атқарылуда. Осы жылы 23 адамға консультациялық көмек көрсетілсе, Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша 27 семинар өткізілді.
Сондай-ақ, мекемелердегі моральдық-психологиялық жай-күйін анықтау мақсатында үстіміздегі жылы 3 мәрте мемлекеттік қызметшілерден анонимді сауалнамалар алынды. Қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.
Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ.
Жергілікті басылымдарда, аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен жиналыстар туралы мәліметтер орналастырылуда.
«Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Қармақшы ауданының әкімдігі» ресми парақшасында да ақпараттар мерзімінде жариялануда. Әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнату, жұмыстарды ашықтыққа, күнделікті бақылауға алынды.
Қазіргі таңда Қармақшы ауданы әкімдігі ғимаратында «Скуд» жүйесі орнатылып, қалыпты жұмыстар жүргізілуде. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының кадр қызметі (персоналды басқару) бөлімі арқылы мерзімінде «Скуд» жүйесі бойынша аппарат қызметкерлерінің жұмыс орнына уақытылы келіп кетуіне мониторинг жүргізіліп, жұмыс режимін бұзу фактілері орын алған жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың берген тапсырмасы халық үніне құлақ асатын мемлекетті қалыптастыру үшін, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ғимаратында «Сервистік әкімдік» қызмет көрсету бөлмесі құрылған.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ашық қызметін қамтамасыз ету бағытында «Open space» яғни, «Ашық кеңістік» форматы бойынша жұмыс жасау тәжірибесі ауданымызда жүзеге асуда.
Бүгінгі күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимараты, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі және аудандық жұмыспен қамту орталығы ғимараты «Ашық кеңістік» форматына көшірілген.
Жыл басынан бері аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілерін және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп отырылады.
Бүгінде ауданымыздағы аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді көтермелеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп, марапаттау жұмыстары атқарылып келеді.
С.СМАҒҰЛОВ,
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл