» » Әуестік пен әбестік

Әуестік пен әбестік

qarmaqshy-tany.kz Қоғамда бір жайсыз оқиға бола қалса, сол жерде біздікілер бірден қалтафонға түсіріп әлек. Жәбірленушіге көмек қолын созу деген ой жоқ. Адами құндылықтан ада болып барамыз. Қит етсе өзгеге атып ұрамыз. Тиіп кетсе шабалаң қағамыз, қарсы шабуыл жасаймыз. Аңдысып, ұрысып уақыт өлтіреміз.
Қазір қай әлеуметтік желіге кіре қалсаңыз «желіні жарды» деген дүние көзге жарқ ете түседі. Жарқ ете дейміз-ау. Сірә, сәулесі жоқ жарқылдау болар. «Ұятқа қалды, жаға ұстатты, желіні жарды» деген дүниені жиі кезіктіресіз. Бұл негізінен рейтинг көтерушінің ісі. Яки тез танылудың жолы. «Атың шықпаса» жер өртенің кебі. Танымал болу үшін, оқырман санын жылдам жинаймын деп не болса соны істеп жүргені. Мұндай нәрсе желіде жетіп жығылады. Тіпті кейде әлеуметтік желіге мүлде кіргің келмей қалады-ау. Мұндай арзан дүниеге жастар неге құмартып барады?
Біріншіден, әлеуметтік желіде бүгінде бәрі оқырман санына мән береді. Кімнің «подписчигі» көп сол танымалдың қатарында. Ал тез танылудың бір жолы – вайнер болу. Сенесіз бе, қазір тіпті балалардан бас­тап егде жастағы жандарға дейін вайнер. Шын. Елдің назарын аудару үшін түрлі жанрда скечкомдар (күлкілі қысқа бейнелер) түсіріп өз аудиториясын қалыптастырған жастар да біршама. Оқырманның осыған деген сұранысы тағы бар. Қоғамдағы кей түйткілді мәселені әсерлі бейнемен жеткізетін жасампаз жас­тар да жетерлік. Әрі-беріден соң бұл табыс көзі. Инстаграмдағы оқырманы көп адам жарнама жасау арқылы ақша тауып отыр. «Подписчигі» неғұрлым көп болса, жарнама құны да соғұрлым қымбат.
– Алғашқыда жай қызықты бейнелерді түсіріп, оны желіге жүктеп жүрдік. Ха­лықтың сұранысы артқан соң түрлі та­қырыпта түсіре бастадық. Біршама уақыт желіде көрінбей кетсек, бейне жүктемесек оқырмандар «кө­рінбей кет­тіңіздер, сіздер­ден жаңа бейне күтеміз» деп жазып жатады. Сондықтан әрбір күнді ізденіспен өткіземіз. Әрине, мағыналы, ой салар­лық қоғамдық мәселені де жүктеп оты­рамыз, – дейді Арсен есімді жігіт (есімі өзгертілді).
«Вайн» деген қысқаша айтқанда – шағын бейнеролик. 2012 жылы ағыл­шын­ның «Vine» деген алты се­кундтық бейне түсіруге мүмкіндік беретін мобильдік қосымшасы шығып, кейін бұл ұғым жер жаһанға тарай бастаған. Әзілі жарасқан жастар (немесе вайнерлер) бүгінде қолындағы ұялы телефонымен-ақ вайнды кез келген жерде түсіре береді. Қысқа бейнероликте тек қана жеңіл әзіл аясында топтаспай, ел ішіндегі өзекті мәселені келеке етіп жеткізетіндер де бар. Асығы алшысынан түскен мұндай вайнды әлеуметтік желіде көптеп кездестіруге болады.
Бейне желіде тез тарау үшін елдің назарын аударатын сөз жазып я болмаса соған сәйкес сурет қояды. Тез танылу үшін бірі – жалаңаштанады, енді бірі – жалған сөйлейді. Сірә, танымал болу үшін ардан аттаудың еш қажеті жоқ секілді. Бұл сізге тек арзан атақ қана болмақ. Жарқылдап жанбайсыз, керісінше күл болып өшесіз. Сондықтан әрбір іске барар алдында ойланыңыз. «Ардан аттап қалай жақсы боламын?» деген сауалды өзіңізге қойсаңыз жетіп жатыр.
Түйін.
Әсілі барлық дүние таны­мал­дықта емес, адамдықта. Қай істе болмасын адалдығың жаныңа се­рік болса игі. Адамдығыңыздан, адал­дығыңыздан танбасаңыз та­нымалдылық сізді өзі іздеп табады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
05 желтоқсан 2022 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031