» » Жүрегіміз ел деп соғады

Жүрегіміз ел деп соғады

qarmaqshy-tany.kz Патриот деген халқына жақын, елінің қамын ойлайтын, ұлтын қатты қадірлейтін, қолында барды жақындарынан аямайтын жан. Мен өзімді елімнің патриотымын деп санаймын. Әр адам өз елінің патриоты.
Патриоттық тәрбие ең алдымен әрбір жеке тұлғаның ата-анасын, туған-туысқандарын жақсы көруден басталады. Ал бізді отансүйгіштікке тәрбиелейтін ата-анамыз, ұстаздарымыз.
Елімізді құрметтеп, сүйіспеншілікте болып және жаудан қорғаған батырдың бірі Бауыржан Момышұлы атамыз. Әр адам өз елінің туын, әнұран, елтаңбасын құрметтей алады. Сонымен қатар бізді отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірден-бір құрал ол – кітап. Кітап – алтын қазынамыз. Осы құдіретті білім арқылы біз өз еліміздің патриоты бола аламыз. Олай дейтініміз, Б.Момышұлының шығармалары, Отан жолындағы шайқасы туралы тарихымызда сайрап тұр емес пе?! Кітап арқылы біліммен сусындай отырып, ұлттық тәрбиемізді қалыптастырамыз. Біз кішкентай болсақ та жүрегіміз еліміз деп соғады. Жастайынан Отанын сүйіп өскен баланың, міндетті түрде болашағы зор болмақ. Елі үшін қызмет етері анық.
Қорыта айтатын болсақ, осы өмірге қазақ болып туылғаныма қуа- намын, мақтан тұтамын. Болашақта өз еліме үлесімді қосып, адал қызмет етемін. Қазақ елін құрметтеймін!
Аяулым ЕРТАС,
No85 мектептің оқушысы
04 желтоқсан 2022 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031