» » Сырқаттан сақтану – борышымыз

Сырқаттан сақтану – борышымыз

qarmaqshy-tany.kz Облыс көлемінде осы жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында ЮНЭЙДС ұсынған «Теңдік уақыты» ұранымен «Барлығы АИТВ/ЖИТС туралы» акциясы жоспарланып, соған сәйкес аудан көлемінде «ЖИТС-пен күрес күні» өткізілуде.

Жалпы осы тақырып төң ірегіне толығырақ тоқтала кетсек. АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы. Бұл – адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын баяу дамитын ауру. Адамның иммундық жүйесін бұза отырып, басқа жұқпалы аурулардың дамуына әсер етеді. Бұл аурудың негізгі 3 жұғу жолы бар. Олар науқастың қанымен байланыста болған кезде, жыныстық қатынас кезінде, ауруды жұқтырған әйел баласын емізген кезде.
АИТВ-ны жұқтырған кезде адамдардың көпшілігі ешқандай симптомдарды байқамайды. Инфекциядан кейінде көп жылдар бойы адам өзін сау сезінуі мүмкін. Бұл кезең аурудың жасырын сатысы деп аталады. Ауруды көбінесе инъекциялық есірткіні пайдаланушы нашақорлар, олардың жыныстық серіктестері, бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетіндер, донорларды, қан құюды немесе органдарды трансплантациялауды қажет ететіндер, венерологиялық ау руларға шалдыққандар жұқтырады. Ауруды қалай анық тайды? Тек қана АИТВ-ға тестілеу, қан анализі арқылы ғана біле алады.
ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) – АИТВ-мен зақымдалғаннан кейін иммундық жүйенің жет кіліксіздігінен пайда болған аурулардың жиналуы, яғни АИТВ-ның асқынған түрі. Бұл дерттен сақтанудың, алдын алудың жолы – қорғалмаған, бейберекет жыныстық қатынастан бас тарту, есірткіні, залалсыздандырылмаған ортақ шприцтерді қолданбау. АИТВ инфекциясына анализ тапсырып, өзін бақылауда ұстау. Қазіргі науқан аясында ғана емес, кез келген уақытта қан анализін тапсырып, өз статусыңызды тегін тексере аласыз.
Соңғы статистика бойынша облыс көлемінде осы дертті жұқтырған 249 адам тіркелсе, соның 19-ы өкінішке орай, біздің ауданынан шығып отыр. АИТВ жұқтырған 2 жүкті әйел анықталып, екеуі де жауапты дәрігерлердің, мамандардың жедел көмегінің, алдын алу емінің тыңғылықтылығының арқасында дүниеге сау бала әкелді. Алаңдатарлық жағдай. Өкініштісі – бұл аурудың осы уақытқа дейін емі табылған жоқ. АИТВ/ЖИТС-ке қарсы екпе табылмай жатыр, тек қана алдын алу шараларын сақтай отырып қорғана аласыз.
Жалпы мұндай дертті жұқтырғандар басқа да азаматтар сияқты өмір сүруге, еңбек етуге, бала сүйіп бақытты болуға құқылы, оған шектеу қойылмайды. Тек дәрігерлердің науқас әйелдерді алдын ала емдеп, препараттарын қа былдатып, босануға дайындауы арқылы 98% өмірге сау бала келеді. Мұндай дертпен қоғам боп күресті күшейтуіміз керек.
Осы бағытта жуырда ау дандағы аграрлы-техникалық колледжде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай колледж студенттерімен кең көлемде акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – жастар мен жасөспірімдерге ЖИТС-тің қауіптілігі, бұл аурудың қазіргі қоғамның басты проблемасына айналып отырғандығын ұғындыру, оның зиянды жақтарын түсіндіру, оның жұғу, сақтану жолдары туралы толық ақпараттық білім беру, салауатты өмір сүрудің маңызын насихаттап, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Іс-шара барысында аудандық емхананың дерматовенеролог дәрігері және емхананың психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің жауапты дәрігері Айткүл Балмаханова, ЖДО медбикесі Мереке Бекова, СӨСҚ кабинетінің маманы Дариха Күлмырзаева және Қармақшы Жастар денсаулығы орталығының, аудандық емхананың психологы Әмина Кетебаева, колледж медбикесі Гүлшат Исабекова, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Сүлейменовалар қатысты. Студенттерге республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдарының алдын алу және сақтану, денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпарат беріп, арнайы тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық танымдық материалдар (жадынамалар, бүкте мелер, плакаттар) таратылды, олардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Дәл осындай іс-шаралар салааралық біріккен жоспарға сәйкес аудан көлемінде жалғасады. Алдағы күндері аудандық емханада «Теңдік уақыты» тақырыбымен «Ашық есік» күні өткізіледі.
Өзіңізді және өз жақын дарыңызды сырқаттан қорғау – азаматтық борышыңыз. Денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қараңыздар!
Ә.Тахирқызы,
аудандық Жастар денсаулығы
орталығының психологы
27 қараша 2022 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930