» » Қысқы қауіпке қам жасалды

Қысқы қауіпке қам жасалды

qarmaqshy-tany.kz Күз бітіп, қаһарлы қыс келді дегенше оған кез келген жағынан болсын дайындықтың қызатыны белгілі. Бейсенбіде осыған сай барлық аймақта республикалық «Қыс – 2022» командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті. Ал ауданда азаматтық қорғау қызметінің күш-құралы мен техникалық әзірлігі пысықталды.
Аудан әкімдігінің және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен кент орталығындағы Ораз ахун көшесінің бойында 15 қызмет сап түзеді. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының бас шысы Самат Смағұлов пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Өмірбек Сақтабаев арнайы қатысып, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін бағалап, мекеме басшыларының қысқы дайындықтары бойынша есебін тыңдады.
Саптық жиын аяқталғаннан кейін қыс мезгілінде туын дайтын төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимылдар жүйесі тексерілді. Алдымен кенттегі темір жол стансасын да жолаушылар пойызының алдыңғы бөлігінен өрт шығу жағдайы қарастырылды. Жаттығу сценариі бойынша ва гонда өрт шығып, ішінде жолаушы түтін арасында қалып қойды. Дәл осы кезде төтенше жағдайлар бөлімі мен No10 өрт сөндіру қызметкерлері және жедел жәрдем лез де оқиға орнынан табылып іске кірісті. Түтінге толған вагонның ішінен жолаушыны өрт сөндірушілер алып шықса, дәрігерлер алғашқы көмегін көрсетті. Ал вагондағы өрт дер кезінде ауыздықталды.
Одан кейін жергілікті маңызы бар автожолда екі автокөлік жолда тайып, соқтығысты. Оқиға орнына азаматтық қорғау қызметкерлері жылдам жетті. Жол полициясы жолдың екі жағынан жапса, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметкерлері көлік ішіндегі жүргізушіні шығарды. Әрі қарай жолға топырақ шашу секілді жұмыстар жүргізілді.
Қыста қардың көп мөлшерде түсуінен республикалық маңызы бар автожолда жолаушылар автокөлігі қар құрсауында қалып қойғаны жөнінде хабар келді. Азаматтық қорғау қызметкерлері оқиға орнынан табылып, суықта қалған адамдарды эвакуациялап, жылы орынға жеткізді. Оларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, дәрігерлік көмек көрсетілді. Қорыта айтқанда құтқарушылар қыстың қаһарына толық дайын екендерін дәлелдеді. Сала басшыларының айтуынша биылғы қысқы маусымға дайындық тыңғылықты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
27 қараша 2022 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930