» » Қоршаған ортаның адам ағзасына әсері

Қоршаған ортаның адам ағзасына әсері

qarmaqshy-tany.kz Қоршаған орта дегеніміз – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта яғни адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін жануарлар, объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта. Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының адам денсаулығымен тығыз байланысты.
Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. Соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы калдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері – адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар, атмосфераға адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Дәрігерлер адамдардың әртүрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін. Сондықтан да табиғаттың тазалығына қатаң көңіл аударған жөн.
Қоршаған ортаның ластануының алдын алу шаралары:
– Өндірісті булық, шаңдық әуе ұшындыларын азайтушы немесе бейтараптандырушы сүзгілер және басқада құрылғылар орнату.
– Көліктер мен технологиялық аспаптарды қозғалтқыштары мен тазалаушы құрылғыларын жетілдіру және оларды мүмкіндігінше зиянсыз түрге көшіру.
– Күнделікті тұрмыстық қалдықтарды арнайы қоқыс жәшіктеріне шығару, шығарылған қоқыстардың тек арнайы қоқыс тастау полигондарына шығарылуын қамтамасыз ету.
– Айналаны мейлінше көкалдандыру, өсімдіктер дүниесінің жетілуіне жағдай жасау, қалалар мен өнеркәсіп орындарын, елді мекендер мен жол бойларын жасыл желекке бөлеу жұмыстарын жүргізу.
Осы сияқты қарапайым қағидалардың орындалуын бүкіл қоғам болып орындалуын қамтамасыз етер болсақ, қоршаған ортаның ластануының алдын алар едік. Әр адам қоршаған ортаның тазалығына көңіл бөлсе, өзіміздің жер анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.
Ж.Аппазов
ҚР ДСМ СЭБК ҰСО ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы ауданық бөлімшесінің
Санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханасының
зертханашысы
17 қараша 2022 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930