» » Жеміс-жидектердің адам ағзасына әсері

Жеміс-жидектердің адам ағзасына әсері


Ғалымдар күніне 800 грамм жеміс-жидек пен көкөністерді қабылдау адамның өмір жасын ұзартатынын дәлелдеп шықты. Әр күнде 80 граммнан 10 мәрте көкөніс пен жеміс-жидекпен қоректену адамның өмір жасын едәуір ұзартуға ықпалын тигізеді. Лондондағы Imperial college ғалымдарының есебінше, ұсынылған әдіс бойынша тамақтану 7,8 млн-ға жуық мезгілсіз өлімнің алдын алуы мүмкін. Бір реттік 80 грамм, бұл небәрі бір тал банан, алмұрт немесе үш қасық бұршақ. Бұл күнделікті тұрмыста қолданылатын және кең тараған жеміс, көкөніс түрлері. Ал оларды мүмкіндігінше көп пайдаланса, сәйкесінше ағзаға пайдасы да арта бермек. 200 грамм көкөніс пен жемісті пайдалану жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім деңгейін 13 % -ға, қатерлі ісік ауруларына шалдығу деңгейін 4 %-ға, мезгілсіз өлім деңгейін 15% ға, 800 грамм көкөніс пен жемісті пайдалану жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім деңгейін 28 % - ға, қатерлі ісік ауруларына шалдығу деңгейін 13 % - ға, мезгілсіз өлім деңгейін 31% -ға төмендетеді. Бұл нәтижелер 22 миллион адамның қатысуымен ұзақ уақыт жүргізілген 95 түрлі сараптамалық зерттеу нәтижелері бойынша алынып отыр. Осыған дейін ғалымдар түрлі аурулардың пайда болу қатерін төмендететін көкөністер мен жемістерді анықтаған болатын. Мысалы, жасыл және сары түсті көкөністер: саумалдық, бұрыш және де шаршыгүлді өсімдіктерді, оның ішінде түсті қырыққабатты пайдалану қатерлі ісіктің алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Ал жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу үшін алма, алмұрт, цитрусты жемістерді көптеп пайдаланып, крестгүлді өсімдіктерден түрлі салаттарды дайындап жеген пайдалы. Сонымен қатар, көкөніс пен жемістерді күнделікті пайдалану ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалыпты нормада ұстап, қан айналым жүйелерін ретке келтіріп және де иммундық жүйені жақсартуға ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кем дегенде тәулігіне бес мәрте (400 грамм шамасында) кез-келген, тіпті мұздатылған, көкөніс пен жемістерді қабылдауға кеңес береді.
Г.ЕРСЕЙТОВА
ҚР ДСМ «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша Қармақшы аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының зертханашысы
28 шілде 2021 ж. 1 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031