» » Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

qarmaqshy-tany.kz Туған жерін қадірлейтін әрбір азамат үшін өзінің өсіп-өнген өлкесінің өркендеуіне үлес қосуы міндетті. Жыл сайын тұрғындар аудан көлемінде көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, үлгілі істерімен танылып келеді. Арықтар мен көшелерді қоқыстан тазартып, талдар мен шарбақтарды әктеп, сырлап, кент келбетіне барынша сұлулық енгізуде.

Өткен сенбіде ауданның барлық елді мекені мен Жосалы кентіндегі мекеме, кәсіпорындар көркейту орындар көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілікті бірауыздан қолдаған мекемелер мен кәсіпорындар, тіпті жеке тұрғындар көше-көшеге бөлініп, тұрғындардың тазалық сақтауы жөнінде ескертпелер жасады. Көше бойындағы қоқыстарды тазалап, оларды арнайы орындарға апарып тастады.
Осы ретте айта кетерлік жайт, жаңа келбетке енген көшеге Болат Жұмабаев басқаратын No121 орта мектеп ұстаздары да өз еріктерімен осындай игі іске үлестерін қосты. Олар мектеп айналасына тазалық жүргізіп, кенттің сәулеттенуіне ерекше қолдау көрсетті.
Әсіресе сенбілікте көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына ветеринариялық станса, No27 орта мектеп, аудандық жыраулар үйі, «Тоғжан» балабақшасы, аудандық ішкі саясат бөлімі, зейнетақы орталығы мен басқа да мекеме, кәсіпорындар белсенді атсалысып, өзгелерге үлгі көрсетті.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
08 қараша 2022 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031