» » Мейірімі мол Майгүл

Мейірімі мол Майгүл

qarmaqshy-tany.kz ƏЛЕУМЕТТІК САЛА - ҚАЙ ЕЛДЕ БОЛСЫН ЕҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТЫҢ БІРІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҚОҒАМДА БОЛЫП ЖАТҚАН ОҚИҒАЛАРДЫҢ ДЕНІ ОСЫ ƏЛЕУМЕТТІК МƏСЕЛЕ ТӨҢІРЕГІНДЕ ТУЫНДАП ЖАТАТЫНЫ БЕЛГІЛІ. ƏСІРЕСЕ "ƏЛЕУМЕТТІК" ҰҒЫМЫМЕН ҚОРҒАУ, КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ, ОҢАЛТУ, ОРТАҒА ƏСЕР ЕТУ, ҚАМСЫЗДАНДЫРУ, СЕКІЛДІ ТІРКЕСТЕР ҚҰЛАҒЫМЫЗҒА СІҢІСТІ БОЛЫП ҚАЛДЫ. ӘЙТСЕ ДЕ МҰНЫҢ АСТАРЫНДА ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕ БОЛЫП ЖАТҚАН МƏСЕЛЕЛЕРГЕ АТҮСТІ ҚАРАМАЙ, МЕМЛЕКЕТТІҢ ƏРБІР КӨМЕККЕ ЗƏРУ ЖАНДАРЫНА ҚОЛҰШЫН СОЗУ ЖАТЫР. БҰЛ РЕТТЕ ОСЫНДАЙ КӨЗГЕ КӨРІНЕ БЕРМЕЙТІН, БІРАҚ ҚИЫНДЫҒЫ КӨП ЖҰМЫСТЫ ЕҢСЕРІП ЖҮРГЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕКШЕ.
Иә, сан-саланы қамтитын бұл мекеменің атқарар қызметі де көп. Халықтың қажетіне жарап, алғысын алып жүрген әлеуметтік қызметкерлер күні жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде тойланады. Мереке қарсаңында өз қызметінде жауапкершілік жүгін арқалап, салада тынбай еңбек етіп жүрген тәжірибелі маман Майгүл Сарыбаева жайлы сөз қозғамақпыз.
Ол – Тұрмағамбет ауылының тумасы. Қызылорда қаласындағы «Экономика және құқық» колледжінде «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша білім алады. Оқуды тәмамдаған соң 2007 жылы тамызда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ақылы қоғамдық жұмыспен «жұмыспен қамту секторына» жұмысқа орналасады. Ал 2010 жылы осы бөлімге тұрақты жұмысқа қабылданып, 2016 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер және хал актілерін тіркеу бөлімінде статист болып жұмыс істейді.
– Әр жұмыстың өз қызығымен қоса қиындығы қатар жүреді емес пе?! Соның ішінде әлеуметтік салада әртүрлі тағдыр иесін кезіктіріп жатамыз. Бұл салада жұмыс істеп жатқаныма еш өкінбеймін. Себебі бізге түрлі қиындыққа кезіккен азаматтар келеді. Олардың мұң-мұқтажын тыңдап, қолдан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Негізгі жұмысым – «Жеке оңалту» бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар азаматтарды құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, – дейді кейіпкеріміз.
Жұмысына тиянақты Майгүл Тұрғанбекқызы ұжымға сыйлы, достарына қадірлі. Жұмыспен қатар үй шаруасының сәнін келтіріп, ағайын-туыстың көңілін де тауып жүрген өнегелі келін. Теңім деп тапқан азаматы Сәкен Сырғабаев аудандық аграрлы-техникалық колледжінде жұмыс істейді. Бүгінде 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.
– Әлеуметтік қорғау саласында 15 жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келемін. Біз өз жұмысымыз үшін марапат пен мақтау күтпейміз. Бірақ қызмет алушыдан ғана емес, тұтас қоғам атынан ризашылық пен алғыс алған кезде, сөз жоқ, шабыттанып, одан әрі нәтижелі жұмыс істей бергің келеді, – дейді ол.
Қоғамның белгілі бір тобына қызмет етіп, оны риясыз көңілмен, таза ниетпен жасайтын әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі ерен. Жүрегі мейірім мен қайырымға толы жандар бүгінде атына заты сай әлеумет үшін еңбек етуде. Өзінен көмек күткен жанның көңілін қалдырмай, сауапты іспен де айналысатын жандардың көп болғаны көңіл қуантады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
01 қараша 2022 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 384

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 463

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930