» » Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария

Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ ІЗЕТ КӨРСЕТУ – АДАМШЫЛЫҚТЫҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ БІРІ. ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ – ҚАЙ ХАЛЫҚТЫҢ БОЛМАСЫН ТҮПКІ ТАМЫРЫНЫҢ ТЕРЕҢІНДЕ ЖАТҚАН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ БІР БӨЛШЕГІ. ОСЫ БІР КЕРЕМЕТ ДӘСТҮР БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, 1 ҚАЗАН – ҚАРТТАР КҮНІ ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕМІЗГЕ АЙНАЛДЫ.
Сарқылмас ақыл-парасат пен таусылмас мол өнеге-өсиеттің шырағы – ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз ешқашан ел құрметінен тыс қалған емес. Аудандық білім бөліміне қарасты Елеу Көшербаев атындағы No279 мектеп-лицейінде халықтың қазынасы саналатын Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария» тақырыбында Жас Ұлан ұйымы құттықтаулар жасаса, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбымен сынып сағаттары өткізіліп, мектептің парламент фракциясы мүшелері «Ұстаз – мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» тақырыбында концерт ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қарттар күні – саналы ғұмырларын тынымсыз еңбектенумен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан бүгінде зейнеткерлік жастағы қарттарымыздың мерекесі. Олардың өмір жолы – ұрпаққа табылмас қазына, үлгі-өнеге. Соған орай ардагер ұстаздарымызбен үлгі аларлық ашық сұқбат өткізілді. Сұқбат кезінде ұстаздарымыздың қуанғанын, үлкендіктің сыр алғанын жылы жүздерінен байқадық.
«Төріңнен қартың кетпесін» деп тілеген біздің дана халық. Үлкендерге құрмет көрсету, өзіңді өмірге әкелген, тіршілігіңе нәр берген ата-анаға сүйеу болып, аялап бағып-қағу – біздің басты парызымыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп халқымыз ежелден-ақ қарияларды құрметтеп бағалаған. Жүздеріне жылы күлкі ұялаған қариялардың алғыстарына бөлену біз үшін баға жетпес асыл мұрамен тең.
Қазіргі таңда мемлекетімізде қарттарға мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт, тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
Бар саналы ғұмырын ұрпағына, егемен еліміздің жарқын жетістіктеріне арнаған асыл қарияларымызға мәңгілік қарыздармыз, қарттарымыздың даналығы мен қамқорлығы, отбасының ұйытқысы болып, әр шаңырақтың береке-бірлігін келтірген қайсарлықтарына бас иеміз. Оларға деген алғысымыз шексіз. Егде тартқан жастарында еңселерін түсірмей, өмірлік күш-қуаттары ұзағынан болып, тек жақсылықтарға ұласа берсін. Барша ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бала-шағаларының қызығына тоймай, ортамызда асқар тауымыз болып, Тәуелсіздіктің әрбір таңын ұрпақтармен бірге қарсы ала беруін тілейміз.
К.КЕНЖАЛИЕВА,
No279 мектеп-лицей директорының орынбасары, Ақай ауылы
02 қазан 2022 ж. 1 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031