» » Некеге тұру тәртібі

Некеге тұру тәртібі

Неке қию адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезең. Осыған орай мемекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және қызмет алушылардың қызметтерді «Электронды үкіметтік порталы» арқылы онлайн алу жолдарын насихаттау мақсатында некені тіркеуге ниет білдірген азаматтар Egov порталында өздеріне ашылған электронды цифрлы қолтаңба арқылы «Отбасы» бөліміндегі «Отбасылық жағдайы» тарауына өтіп «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» батырмасын басып, «Қызметті онлайн алу» батырмасы арқылы қажетті ұяшықтарды толтырып, өтініш жібере алады. Бұл қызметті көрсету үшін бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде алынатын мемлекеттік бажды төлеу төлем картасы арқылы жүзеге асырылады. Төлем жасалғаннан кейін электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қойылады. Өтініш тіркеуші органға түскен соң некені тіркеу келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні ерлі-зайыптылардың өздері келген жағдайда мемлекеттік тіркеуге алынады. Сонымен қатар некеге отыратын ерлі-зайыптылардың некеге отыру туралы өтініштеріне некені тіркеу мерзімін қысқарту үшін қосымша тиісті құжаттарымен жүктілік немесе ортақ туылған баласының туу туралы куәлігімен расталып жалғанған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу мерзімі қысқартылады. Егер некеге отыратын ерлі-зайыптылардың біреуі шетел азаматы болған жағдайда шетел азаматынан қосымша некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама, Көші қон мекемесінен уақытша тіркеуге тұрғандығы туралы анықтама және нотариальды куәландырылған шетел паспортының көшірмесі талап етіледі.
Б.ҰЗЫНЖАСОВА,
Қармақшы ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және АХАТ бөлімінің бас маманы
25 қыркүйек 2022 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 595
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031