» » Саулыққа сақтық керек

Саулыққа сақтық керек

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Онда Қызылорда облысы «сары» аймаққа жақындағаны көрінеді. Иә, жер жаһанды дүр сілкіндірген коронавирустың жайы әлі де алаңдатып отыр. Аудандағы ахуалды білмекке мамандармен байланыстық.
Аудан бойынша жыл басынан бері 151 науқас тіркелген. 12 шілдеден бастап 26 адам коро- навирус жұқтырып, тіркеуге алыныпты. Оның ішінде 11-і симптомды, 15-і симптомсыз. 6 адам ауруханаға жатқызылса, 12 адам жазылып шыққан. Үй карантинінде 8 адам бар. Жалпы ауданда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау, алдын алу бағыты бойынша аудан әкімінің өкімімен мониторингтік топ құрылған. Қазіргі таңда облыс «жасыл» аймақта болуына байланысты шектеу шаралары енгізілмеген.
Вирус – қорғануды қажет етеді. Індетті ауыздықтау мақсатында коронавирусқа қарсы екпе алу науқаны өтіп жатыр. Қазіргі таңда вакцинаның екі компонентін де алған жандарға белгілі бір уақыттан соң ревакцинация жүргізілуде. 4 тур ревакцинацияға шақыру жұмыстары да басталған.
– Аудан тұрғындарына коронавирустық инфекциядан қорғану, ауырмау үшін бірінші кезекте вакцина алу керегін ескерте отырып, өз денсаулығын сақтауға шақырамыз. Қорғаныңыз, күтініңіз, айналаңыздағы адамдарды вирустан сақтаңыз. Жаңа штаммдарға ағзаның иммунитетін қалыптастыру үшін ревакцинацияның маңызы зор. Сол себепті таралып жатқан вирустардан, түрлі аурулардан қорғанып, иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алу өте маңызды. Әдеттегіше тазалықты сақтап, қол жуу, арақашықтықты ұстау секілді шараларды да ұмытпаған жөн. Қауіптен сақтанып, өзімізді, жақындарымызды қорғайық, – дейді ауданның бас санитары Гүлнар Төлепбергенова.
Айнұр ӘЛИ
05 тамыз 2022 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 596
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031