» » Көшелер көркеюде

Көшелер көркеюде

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ – БҰРЫННАН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЖОҒАЛТПАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ. «ЖОЛ ҚАДІРІН ЖҮРГЕН БІЛЕДІ» ДЕГЕН ТӘМСІЛ ДЕ ОНЫҢ МАШАҚАТЫН ТҮСІНГЕНДЕР ТАРАПЫНАН АЙТЫЛСА КЕРЕК. АЛ МҰНДАЙ ОЛҚЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ – БҮГІНГІ ЗАМАННЫҢ ТАЛАБЫ.
Кенттегі топырақты көшелерге қиыршық тас төселуде. Атқарылып жатқан жұмыс қаражат пен еңбекті, ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Тұрғындардың жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында Жосалы кентіндегі Есетов, Сырдария, Әділова, Байзақов, Ізтілеуов, Көбеев, Шегебаев, Сейфуллин, Тәуелсіздік, Мүсіркегенов көшелеріне, Жаназаров тұйығы мен Әуезов тұйығына орташа жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жұмыстар басталып, Көбеев көшесіне қиыршық тас төселуде.
Мамандардың айтуынша, биыл жыл басында Жосалы кентіндегі ұзындығы – 26 шақырым болатын 36 көшені асфальттауға, 13,6 шақырым болатын 26 көшеге қиыршық тас төсеуге жоба сметалық құжат жасалып, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бюджеттік өтінім жолданған.
– Жөнделуге тиісті барлық көшені қамтыдық. Осы ұсынылған жобалардан Тайшық би көшесін тегістеп, қиыршық тас төсеуге және асфальттауға, жаяу жүргінші жолы мен аяқ су арығына темір бетонды лоток салуға қаржы бөлініп, мердігер мекемелер жұмыстарын жасап жатыр. Бұған қосымша, Есетов, Сырдария, Әділова, Байзақов, Ізтілеуов, Көбеев, Шегебаев, Сейфуллин, Тәуелсіздік, Мүсіркегенов, Жаназаров тұйығы, Әуезов тұйығына облыстық бюджеттен қиыршық тас төсеуге қаржы бөлініп, заңдылыққа сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Сейтжан ақын тұйығы мен Мүсірбаев тұйығына қиыршық тас төселетін болады. Мүмкіндігіміз жеткен- ше ұсынылған жобаларымызды соңына дейін қорғауға жұмыс жасап жатырмыз. Дегенмен жұмыс бөлінген қаржы негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан мәселеге түсіністікпен қараған жөн, – дейді Жосалы кенті әкімшілігіндегі жауапты мамандар.
Иә, ел экономикасы қарыштап дамыған сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Ауданда да атқарылып жатқан жұмыстар легі қарқынды. Мұндай игі істердің оңтайлы жүзеге асып жатқанына аудан тұрғындары да дән риза.
– Ауданымызға көгілдір отын желісі жүргізіліп, пайдалануға берілді. Спорт кешені салынып жатыр. Тайшық би көшесіндегі саябақтың да құрылысы аяқталуға жақын. Жолдың жайы да назардан қалмады. Жол болған жерде өмір бар екені белгілі. Атқарылып жатқан жұмысты көзбен көрген соң кентіміздің өркендеп жатқанына қуаныштымыз, – дейді кент тұрғыны Жаңыл Әбдікешова.
Бәрімізде сол, аудан экономикасы дамып, көркейіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы көтеріле берсін деген бір тілек.
Айнұр Әли
26 шілде 2022 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031