» » Мәһірдің мәнісі

Мәһірдің мәнісі

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде сұралатын мәһір мәселесі қоғамның қызу талқысында жүр. Исламның неке қию шартында белгіленген мәһір мөлшері өзгеріп кеткен бе деген сан сауал әркімнің ойында пікір болған. Себебі қалыңдықтың болашақ жарынан сый-мәһір талап етерде қымбат көлік, соңғы үлгідегі Iphone сұрау сәнге айналған.
Ислам шартында неке қию дініміздің негізгі әмірі болғандықтан, мұсылман адамына ең бас­тысы діни некеге тұруды міндеттейді. Ал онсыз шариғат тыйым салған. Қазір отбасын құруға ниет еткен жастар шариғат жолымен мешітке барып, Құдай алдында некесін қидырып жүр. Алайда неке шартындағы мәһірге келгенде қалыңдықтың талап етер сыйы көп жағдайда еріне ауырлық тудыруда.
Жақында әлеуметтік желідегі мына бір жайт көзге ілікті. Алматы қаласындағы бір мешітте тұрмысқа шыққалы тұрған қалыңдық күйеуінен мәһірге үй сұрап жатыр. Оны естіген жігіт имам алдында ыңғайсызданып, төмен қарап қалды. Оны көрген Мешіт имамы қызға «Үйді не істейсің? Онсызда жеке үйлерің бар емес пе? Күйеуің өтей алатын сый сұрағаның дұрыс» деген еді, әлгі қалыңдық қыз «Айыпқа бұйырмаңыз аға, жәй сұрап жатқаным ғой» деп сөзін басқа жаққа бұрып әкетті. Мұндай жағдай елімізде бірінші рет болып жатқан жайт емес. Тағы да оңтүстік жақта осыған ұқсас жағдай қалыңдық неке сәтінде күйеуінен соңғы үлгідегі Iphone 13 Pro max алып беруін сұрағанда қасындағы куәгер жолдастары оның бағасы 1 млн-ға жақын тұратынын айтып қалды. Мұны естіген күйеуі келіншегіне қарап басын сипаған күйі амалсыздан айтқандай «әперемін» деді. Ал имам мәһір сыйлау уақытын сұрағанда ол үнсіз қалды. Осыдан кейін әлгі бейнероликтің астында көпшіліктің жағымсыз пікірлері көбейді. «Бұл шектен шыққандық қой, мәһірдің шектеулі мөлшері жоқ па? Жігітке қиын болды». Одан бөлек «Кезінде күйеуімізбен неке қиғанда ештеңе сұрамадық, бұл қайдан шыққан талап» деген басыңқы пікірлер шулай бастады. Иә. Мұсылман некесіндегі шартты бірі білсе, бірі білмес.
Жалпы мәһір – әйел адам ер кісіге өзін кіріптар еткендіктен, некелесу сәтінде одан талап етіп сұраған немесе өзара келісіммен болашақта алатын материалдық ақысы. Яғни некелесу барысында ер адам жұбайына мәһірді сол заматта беруге немесе кейін өтеуге де қақылы. Бірақ ері жұбайының талап еткен мәһірін беруге разылық танытқаннан кейін оны өтеуге міндетті. Алайда сұраған сыйлық көлемін жұбайының келісімінсіз өзгертуіне болмайды. Ал әйелі де кейін талабын өзгертіп, әу баста айтылған мәһір көлемінен артық күйеуінен мәһір сұрауға құқығы жоқ.
Қоғамның пікіріне келер болсақ асыл дінімізде мәһірдің жоғары шегіне қатысты шариғатта шектеу қойылмаған. Алайда ер адамның материалдық деңгейіне, отбасының әлеуметтік жағдайына қарап белгіленеді. Сонымен қатар мәһір күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қалыңдықтың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек. Ері сұрағанын бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін беруге болады. Айта кетерлік жайт, әйел талап еткен сыйлығының уақытын айтқаннан соң, кейін ерінің мазасын алып «Қашан алып бересің?» деуге болмайды. Ал келісілген мәһірді бермеу де – күнә, бірақ қиылған некесі дұрыс болып саналады.
Ислам ғалымдары мәһірдің ең аз мөлшері – 10 дирхам екенін, қазіргі таңда еліміздегі оның мөлшерін атап көрсетті. Сахабалар өмір сүрген араб халифаты заманында 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуа бойынша алтынның құны ҚР Ұлттық Банкі белгіленген 585 сынама бағамен есептеледі. Болмаса қарапайым мөлшермен айтқанда екі қойдың бағасын құрайды. Ал 10 дирхамнан аз мөлшердегі сыйлық мәһір емес екенін айтады. Сол үшін оның сипаты мен мөлшері анық көрсетілуі керек.
Таяқтың екі ұшы бар секілді, мәһір берудің де қоғамға тиер екі жағы бар. Қазіргі таңда жас отбасылардың ажырасуы осы мәһірдің дұрыс өтелмеуінен, яғни арзан дүниемен алдауынан өкінішті жағдайлар орын алуда. Ал екінші жағы көбіне әйелдер күйеуіне ерім деп арқа сүйеген соң шынайы, болашақтағы бақыты үшін өзіне қажетті дүниені сұрауы да мүмкін. Мұндайда ер кісілердің тосылмағаны да жөн. Мәселен, әйел адам мәһірдің орнына ерінен қажылық шығындарын талап етсе, ері сол шығынды есептеп, мәһірдің өтеуі ретінде бергені абзал.
Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде Қазақстанға танымал актер Абай Асылханның жазбасы елді сүйсінтті. Ол жары Жанель Мақажанмен некесін қиярда мәһірге не сұрайтыны қатты уа­йымдатса керек. Имам одан «Не сұрайсыз?» дегенде әйелі кідірместен «Иманымды күшейтетін кітаптар сұраймын, мен үшін қымбаты сол» деген екен. Сол кезде ол «көзімнен жас шықты, әйелімнің қу дүниеге деген қызығушылығы емес, одан да биік қымбат құндылық барына қатты риза болдым» дегені көңілге серпіліс берді. Иә, әлгі жоғарыда сұраған қымбат дүниелерден гөрі өзіңіздің рухани жан дүниеңізді көтеретін құндылықтың барын ұмытпағаныңыз да жөн.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
20 шілде 2022 ж. 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 255

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 355

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930