» » Диқаншы Дастан

Диқаншы Дастан

Ала таңның салқынымен итеңдеген қара жолда шаңды қақ жарып діттеген жерге асығып келеміз. Асықпағанда ше, жаздың аптап ыстығы қазір-ақ тас төбеңнен түскенде өзіңді қоярға жер таппайсың. Ал диқандарға керісінше күннің ыстығы қатты қажет-ақ. Себебі суға бастырылған күріштің тез көтерілуіне қолайлы уақыт. Атыздан атызға өтіп, жол нұсқағандардың айтуымен іздеген маманымыздың шағын қосынына да жеттік. Жүзі күнге тотыққан, орта бойлы, қолына кетпенін ұстаған күрішші – Дастан Аяпов бізді жайдарлы жүзбен қарсы алды. 
Кейіпкеріміз Ақтөбе ауылындағы «Оңталап» шаруа қожалығының №1,3 өндірістік бригадасында ұзақ уақыт еңбек етіп келе жатқан майталман маман. Ол күріш баптаудың хас шебері. Сонау 1980 жылы Чапаев ұжшары кезінде шаруашылыққа жұмысқа алынып, күріш егумен айналысып, әлі күнге сол бір саланың тізгінін ұстап келеді. Бүгінде атаулы шаруашылыққа қосқан үлесі ескерусіз емес. Бірнеше рет шаруашылық төрағасының алғысына ие болған. Былтыр өнім шығымын 65 центнерден қайырып, табыс төрінен көрінген. Тәжірибелі маман әркез өзінен кейінгі жастарға үлгі. Саналы өмірінің 42 жылын егін шаруашылығына арнап келе жатқан дала қыраны биыл да өзіне бекітілген 66 гектар жерден жоғары өнім алуды межелеп отыр.
– Қазір күріштің Лидер сорты суға бастырылып тұр. Егінжайға орақ түскенше оны күтіп-баптап, тыңайтқышын беріп отырамыз. Оның өз әдіс-тәсілі бар. Күріш бітік шығуы үшін суын дұрыс қоя білу керек. Себебі мол өнімге қол жеткізуде судың маңызы зор. Яғни, күріштің шығымы берілген суына байланысты болады. Биыл су тапшылығы болады деген түрлі болжам да бар. Әзірге судың келуі бір қалыпты. Ауа райының қолайлы болуына қарай егіннің де шығымы жақсы. Қазақта «Балапанды күзде санайды» деген. Қазір барлығы ойдағыдай жүріп жатыр. Ұйымдастыру жұмыстары да, еңбеккерлердің ауызбіршілігі де жақсы, – дейді Дастан ағамыз.
Биыл оңталаптықтардың көктемде сепкен күріш дәнінің шығымы көңіл қуантарлық. Даланың әніне самал желмен толқын болып тербеліп жайқалып тұр. Бұйырса күзде қамбаға мол астық жинайтынына үмітті. Ал, көктемнен бастап еңбек көрігін қыздырып келе жатқан күрішші Дастан ағамыздың үстіміздегі жылы да толағай табыстарға жетеріне күмәніміз жоқ.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 шілде 2022 ж. 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031