Құрылтай
» » Салық саласындағы жеке тұлғаларды сәйкестендірудің жаңа ережелері

Салық саласындағы жеке тұлғаларды сәйкестендірудің жаңа ережелері

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 5 шілдесінен бастап байланыс орталығына салықтық құпияны құрайтын ақпаратты ұсыну мәселесімен жүгінген кезде жеке тұлғаны сәйкестендіруі Е-Salyq Business ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетінін хабарлайды.
Осылайша, мобильді азаматтар базасындағы (МАБ) телефон нөмірінің көмегімен оператор салық төлеушіден 4 таңбалы тексеру кодын сұрайды, сәйкес келген жағдайда салық құпиясын құрайтын ақпаратты ұсыну бойынша қызмет көрсетеді. (жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мәліметтер, банк деректемелері, орналасқан жерінің мекенжайы, оның ішінде жеке кәсіпкер, заңды тұлға және т. б.).
Сонымен қатар, заңды тұлғалар бойынша мәліметтерді беру басшы, бюджетке жауапты қызметкер, уәкілетті тұлға, құрылтайшы БСАЖ АЖ-да деректерінде болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Қармақшы Мемлекеттік Кірістер Басқармасы


08 шілде 2022 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31