» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты атқарылған шаралар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты атқарылған шаралар

«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық, құқықтық насихаттық шараларды жүзеге асыру мақсатында, ұжым арасында құқықтық оқулар мен кездесулер, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау үшін қызметкерлер өзіне жүктелген міндеттерін адал әрі әділ түрде, тек Заң аясында ғана тиісті дәрежеде атқару қажет екендігі түсіндіріліп, жеткізіледі.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, мерзімінде жоғарғы органға жолданып отырады.
2022 жылдың I жартыжылдығы бойынша Жосалы кенті әкімінің қабылдаған нормативтік құқықтық актілерінде   сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмаған.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350 VI Әкімшілік рәсімдік процестік кодексіне сәйкес, мерзімінде тиісті жазбаша жауаптар, түсініктемелер беріліп келеді. Ғимаратта орналасқан арыз-шағым жәшігіне ешқандай арыз-шағым, ұсыныстар түспеген.
Басшы тарапынан ұжымдағы бағынысты қызметшілердің жұмыстарына, орындаушылық тәртібіне бақылау жасау күшейтілген.
Мекеменің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда.
Ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабына және сенім телефонына мәліметтер келіп түспеген, өрескел тәртіп бұзып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілікке тартылған қызметкерлер болмаған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V санды Заңында көрсетілген  талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету барысында, ұжым қызметкерлеріне өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін  әділ түрде орындау үшін, түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» КММ
01 шілде 2022 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 306

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930