» » Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!

Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!

Маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Науқанның жаз айында өткізілуінің бірден-бір себебі – бұл кезең балалар мен жасөспірімдердің жұмысқа көптеп орналасатын уақыты. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Осы әрекеттен ұтылып жатқан тек бала мен ата-ана.
Еліміздің ұлттық заңнамаларында бала еңбегіне шектеу қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Сонымен қатар, ҚР Конституциясымен мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Бұл шара бала еңбегін реттейтін арнайы заңмен де толықтырылған. Кәмелетке толмаған балалар кафе-мейрамханаларда даяшы болып, ыдыс-аяқ жуып, сауда сөрелерінде тауарлар мен өнімдер сатып, автокөлік жуу, құрылыстарда жұмыс істеп жүреді7 Бұл олардың дамуына және білім алуына, болашақтарына кедергі жасайды, олардың көбі бала еңбегінің ең нашар формасына тартылуда. Әрі балалардың өмірлеріне, денсаулықтарына зиян келтіреді және психологиялық әсерін тигізеді. Ересектерге қарағанда балаларды басқару оңай, олардың икемдігі мен дағдылары аз болса да өз құқықтарын жете түсінгені дұрыс.
Осыған байланысты жыл сайын республикамызда маусым айының 1 мен 12 аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылады. Осы шараға байланысты біздің ауданның білім беру мекемелерінде «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен іс-шаралар жүргізілуде. Басты мақсат – бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару. Ақпараттық науқанның міндеті: ересектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегін қолдану проблемасына, оның ауқымы мен сипаттамаларына, оның бала мен қоғам үшін салдарларына аудару, жұртшылықтың құқықтық хабардар болуын, оның ішінде елдің әртүрлі өңірлеріндегі журналистердің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуі арқылы осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнаманың негіздері туралы хабардар болуын арттыру.
         Бала – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірінің әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс екенін ұғындыруымыз керек. Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанасы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек. Керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындағаны жөн. Оқушыларға сауаттылығы мен мінез-құлық ережелерін түсіндіретін сынып сағаттары, баланың құқықтары туралы әртүрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы орайда балаларға жан-жақты мәлімет беру қажеттілігі күн тәртібінен түскен емес. Жазғы мектепке тартылған балаларға осы тақырыптағы тренингтер, флеш-мобтар, дөңгелек үстел отырыстары, балалар дебат турнирлері, пікір-талас алаңдары ұйымдастырылуда. «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» аталған науқаны барысында балалар еңбегін пайдаланатын орындар санатындағы базар маңы, автокөлік жуу орындары, кафе мен мейрамханаларға білім беру ұйымдары мен аудандық ішкі істер мамандарымен бірлескен жұмыстар және жастар ұйымдары, ата-ана қауымының қатысуымен «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» атты кең ауқымды рейдтік шаралары жүргізілуде.
          «Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай атамыз айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы, сондықтан қабырғасы қатпаған, буыны бекімеген жастың еңбек құқығын сақтауға қатысты заңнаманың мүлтіксіз орындалуы – заман талабы. Бұл жас ұрпақтың алдындағы азаматтық парызымыз болмақ. Бала аспанын бұлт шалмасын. Балалар біздің болашағымыз. Ел ертеңі – жас ұрпақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз!
Әсел БЕРДІБЕКҚЫЗЫ,
ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның хатшысы
13 маусым 2022 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 318

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 414

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930