» » «Бала құқығы – асыл қазына»

«Бала құқығы – асыл қазына»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын жалпыұлттық міндет деп танып, 2022 жылы «Балалар жылы» деп жариялады. Осы орайда баланың құқықтарын қорғауға арналған көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Жоба аясында ағымдағы жылдың маусым айының 07 жұлдызында құқық қорғау өкілдерінің ұйымдастыруымен Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 5-11 сынып оқушыларының арасында, мектеп жанындағы және профильді лагерьлерде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шарада: жазғы каникул уақытында төменгі және жоғары сынып оқушылары арасында уақытша жалдамалы жұмысшы қызметінде көптеген заң бұзушылықтар орын алатыны, тек қана ата-ананың рұқсатымен ғана және ата-ананың бақылауын қажет ететіні, сонымен бірге құқық бұзушылықтың басым бөлігі түнгі мезгілде орын алатынын, сондықтан түнгі мезгілде үйден тыс мекен-жайда болуы оқушылар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарға негіз болатынын атап өтті. «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан аясында сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қармақшы аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

09 маусым 2022 ж. 2 743 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 325

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930