» » Уақыт талабы

Уақыт талабы


Қазақстан дамудың келесі кезеңіне әділетті Қазақстан құруға тарихи таңдау жасауға аяқ басты. Бүкіл халықтың қатысуымен ел тағдырын анықтайтын референдум өткізу болып отыр.
Президент Қ.Тоқаев суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу және азаматтардың иглігі үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау қажеттігі туралы айтты. Парламент палаталарының рөлін күшейту, Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделін енгізу, Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту арқылы азаматтардың мүддесін қорғау механизмін күшейетіндігі айтылды. Сонымен қатар, сот шешіміне көңілі толмаған азаматтар Конституциялық сотқа тікелей арыздана алатындығы және саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік жасайтынын айтуға болады. Бұл елдің дамуы үшін жасалған игі қадамдардың бірі деп білемін.
Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор. Уақыт озған сайын заман талабы өзгеріп келеді. Елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігінің өзгерісі және азаматтардың ол туралы біліп, оқып, оған қатысуы өте маңызды. Сондықтан азаматтардың белсенділік танытуы тиіс деп ойлаймын. Баршаңызды 5 маусым дауыс беруге шақырамын!
Гүлжауһар РАЕВА,
партия ардагері
18 мамыр 2022 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031