» » Алда ауқымды міндеттер күтіп тұр

Алда ауқымды міндеттер күтіп тұр


ПАРЛАМЕНТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАУЫН ЖАСАДЫ.
Жолдауда алдағы уақытта елімізде жүргізілетін саяси реформалар туралы айтты. Сайлау туралы заңға біртіндеп толықтырулар мен өзгерістер енгізі­летіні жеткізілді. Президент өзінің өкілеттік мерзімінде партияның мү­шесі болмайтындығы, өңірлердегі әкім­дердің партия филиалдарының жетекшісі қызметін атқармайтындығы айтылды.
Күшті Президенттік басқарудан, ықпалды парламентке көшу керек екендігіне тоқталды. Осы уақытқа дейін Парламент Сенатының 15 депутатын Президент тағайындап келсе, келешекте олардың саны 5-ке аза­йып отыр. Оның 5 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен тағайындалады.
Парламент Мәжілісінің депутаттар саны 10-ға азаяды. Төменгі палатаның құзіретін кеңейту қолға алынбақ. Заң қабылдау құқығы төменгі палатаға беріледі. Саяси жаңғырудың басты міндеті – азаматтардың мемлекеттік басқару ісіндегі рөлін арттыру. Осыған дейін Парламент Мәжілісінің депутаттары, кейін Мәслихат депутаттары пропорционалдық әдіспен сайланып келді.
Партиялық тізіммен сайлау өткізуде партияда жоқ азаматтардың құқығы шектеліп келді. Соның салдарынан азаматтардың сайлау бел­сенділігі төмендеді.
Сондықтан Парламент Мәжілісінің депутаттығына 70 процент пропор­ционалдық әдіспен, 30 процент ма­жоритарлық әдіспен сайланатын болады. Аудан, қала мәслихаттарының депутаттығына да мажоритарлық әдіспен сайлау өтеді.
Партияларды тіркеу үдерісі ай­тарлықтай жеңілдеді. Партияларға қарас­тырылған тіркеу шегі төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін тө­мендейді.
Бұрын облыс әкімдеріне бір кандидатура келісім алу үшін жергілікті мәслихаттарға ұсынылса, алда екі кандидатура ұсынылады.
Мәслихаттарға төраға лауазымы қызметі беріледі. Аудан әкімінің сайлауын өткізу жоспарланып отыр.
Жергілікті өзін-өзі басқару орган­дарының мүшелерін сайлау қолға алынбақшы.
Осыған байланысты, Орталық Сайлау Комиссиясы, аумақтық сайлау комиссияларына үлкен ауқымды мін­деттер жүктелмек.
Марат НАЯТҰЛЫ,
аудандық сайлау комиссиясының төрағасы
22 наурыз 2022 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031