» » Құндылыққа толы білім ордасы

Құндылыққа толы білім ордасы

«МЕКТЕПТІ СЫЙЛА­ҒАНДЫҚТАН, МАМАНДЫҒЫН ЖАН-ТӘНІМЕН СҮЙГЕНДІКТЕН МҰҒАЛІМ ЕҢ АЛДЫМЕН ӨЗІНІҢ ИНТЕЛЛЕКТІСІН КӨТЕРУІ КЕРЕК, ДҮНИЕГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСТАРЫН БИІКТЕТУІ КЕРЕК» ДЕЙДІ АҚЫН ӘБДІЛДӘ ТӘЖІБАЕВ. ОСЫ ҰСТАНЫМДЫ ҰСТАНЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН МЕКТЕПТІҢ БІРІ – БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ МЕКЕНІНДЕ ОРНАЛАСҚАН №277 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ.
Бала тағдырын мойнына алған мектеп басшысы Жұмагүл Тілеуғабылованың білімі мен кәсіби шеберлігі, мектептің жүрегіне айналған білікті ұстаздардың, білімге құштар шәкірттердің бірлесе жеткен жетістіктері мектептің барша қазақ халқы үшін, болашақтың жарқын болуы үшін маңызын көрсетіп отыр. Мәселен, 2013 жылы ашылған мектептен күні бүгінге дейін 20 алтын белгі, 13 үздік аттестат иегері, халықаралық, республикалық білім, мәдени-спорттық сайыстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары түлеп ұшты. Бүгінде олардың бірі – білікті маманға айналса, енді бірі – алдыңғы қатардағы университеттердің грантын жеңіп алып, елдегі ғылымның дамуына елеулі үлес қосып келеді. 2020-2021 оқу жылының өзінде 49 бітіруші түлектің ішінен 38-і мемлекеттік грант иегері атанып, әртүрлі салада білім алуда. Бұл – білім сапасының жоғары көрсеткіші.
Білім ордасының ерекшелігі – ондағы әрбір жұмыстың сапалы да сауатты орындалуы, басшының ақылы мен тәртібіне бағыну арқылы сыйластық пен тәрбиені маңызды факторы етіп құралған өзінше шағын мемлекеттің ішкі сая­саты. Осы саясат арқылы «Үздік мектеп – 2015», «Үздік білім ордасы – 2016», облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің «Жыл таңдауы – 2018» қорытындысы бо­йынша «Ынтымағы жарасқан ұжым», «Жыл үздігі – 2019», «Әлеуметтік әріптес – 2020» номинацияларының иегері атанған мектеп ұжымы 2018-2019 оқу жылының облыстық конкурсының қорытындысымен «Орта білім беретін үздік ұйым» жеңімпазы атанып, 17 миллион теңге сертификатын қанжығасына байлады. Осындай жаңалық пен ізденіске жаны құмар білім ордасы 2020-2021 оқу жылының қорытынды нәтижесімен «Үздік идеялар жаршысы» номинациясымен марапатталды. Биылғы 2021-2022 оқу жылындағы жеткен таудай талапты оқушылардың жетістіктерінің білім аясында да жоғары бағаланғандығы ерекше марқайтпай қоймады. Мәселен, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінен өткен оқушылар аудандық кезеңінен 23 орын иеленіп, оның 10-ы бірінші орынмен облыстық кезеңге жолдама алды. Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша қатысқан оқушыларымыздың 8-і облыстан межелі орындарды қанжығаларына байлап, нәтижесінде №277 мектеп-лицейі «Ең үздік қала мектебі» номинациясымен марапатталды. Бұл – ең әуелі сапалы білімнің, тынымсыз ізденістің, білімнің даңғыл жолына деген жолдың дұрыс бағытта екендігінің көрінісі. Мұндай жетістікке қол жеткізу, әрине шебер ұстаз, талапшыл басшының, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұжымның арқасы. Сонымен қатар мектептің жүрегіне айналған ұстаздардың «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Бі­лім және ғылым министрлігінің мадақтама қағаздарымен, «Құрмет» грамотасымен марапатталуы – ұстаз деген ұлы есімге лайықты екендіктерінің бірден-бір айғағы.
«Білімнен қымбат нәрсе жоқ,
Көңілде жатса баспай тот» деген Н.Байғанин сөзінің дәлеліндей шәкірттің білім арқылы биік шыңға шығуы – ұстаз мерейі. Мектеп-лицейде білім мен тәр­бие ісінің қатар үйлесім та­уып отырғандығын оқушылардың ха­лықаралық, республикалық, об­лыстық, аудандық, қашықтан оқыту пәндік олимпиадаларының және халықаралық, республикалық, об­лыстық, аудандық спорт жарыс­тарының, шығармашылық бай­қаулардың жеңімпаздары атануында деп топшылай аламыз. Сонымен қатар өткен жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «БҰҰ Әйелдер» ұйымы Білім керуенімен бірлесе ұйымдастырған STEM Kyzdar жобасында оқушыларымыздың І орынды иемденіп, республикалық кезеңге қатысу лицензиясын ұтып алып, байқауға қатысуы – мектептің мақтанарлық жетістігі. Аталмыш жетістікке жету үшін де білім ұйымындағы оқушыға қолайлы атмосфера, заманауи жабдықталған сыныптардың да орны ерекше. Әр пәнді терең үйретуге мүмкіндік беретін оқу бөлмелері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Атап айтар болсақ, химия, физика, биология, лингафон, алғашқы әскери дайындық, тарих, география (2), робототехника, IT класс, өзін-өзі тану, информатика (2), технология (ұл, қыз) кабинеттері жұмыс жасайды. Мектептегі пән кабинеттеріндегі интербелсенді тақталар, панель телевизорлар мен компьютерлер ғаламтор желісіне қосылған. Осы орайда жаһандану мен инновацияның көшінен қалуға болмайтын заманда мектептің заманауи құрылғылармен жабдықталып, ғылыми ізденіс пен ұлттық тәрбиеге жаны жақын ұстаздардың ізденісімен сол құрылғылардың шаң басып тұрмай, оқушы қызығушылығын арттыру үшін керекке жарап отырғаны – үлкен жетістік деп білеміз.
Қазіргі таңда білім ордасында 1335 оқушы 61 сыныпта, оның ішіндегі 5-11 лицей сыныбында 158 оқушы білім алуда. Өрендердің сапалы білім алуы үшін 130 мұғалім аянбай еңбек етуде. Оның ішінде 5 педагогика ғылымдарының магистрі, 125 мұғалім жоғары білімді, 5 мұғалім орта арнаулы білімді, 25 педагог-зерттеуші, 36 педагог-сарапшы, 25 педагог-модератор. Сонымен қатар ізденіс пен жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар қауымы өз біліктіліктерін үнемі түрлі тақырыптық курстар мен тренингтерге, семинарлар мен вебинарларға қатысу арқылы жетілдіру үстінде.
«Адамды адам ететін – кітап, адамзат ететін – кітапхана» деген сөз бар. Мектепте бірнеше оқу бөлмесінен тұратын кітапхана жұмыс істейді. Жаһандану заманында «Руханият ошағы» жобасы кітапханалар жұмысын ілгерілетуге бағытталған. Осы орайда 2020 жылы руханияттың тетігіне айналған «Coworking» орталығы ашылып, сапалы да мазмұнды жұмыстар жүргізіліп, бастысы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылардың кітапқа деген қы­зығушылығын арттыру жолында таптырмас орталық болып отыр.
Назарбаев Зияткерлік мектеп­терінің тәжірибесіндегі тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіруді, баланы дамытып жетілдіруді көз­дейтін «Шаңырақ» оқушылар қа­уымдастығының әлеуметтік жобалары тәрбие үдерісіне енгізілді. Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру. Бүгінде мектептегі құрылған 13 «Шаңырақ» қауымдастығы 12 әлеу­меттік жоба бойынша жұмыс жасайды: «Қазақтың 100 әні», «Жаңа 100 есім», «100 кітап», «Қазақша wikipedia», «Қоғамға қызмет ету», «Достықтың мекені», «Ақылды бейсенбі», «Балалар әлеміндегі игі істер», «Атажұрт: аңызға айналған атаулар», «Ғарыш әлеміне саяхат», «Туған тілім – тұғырым», «Ата-ана жұмысындағы 1 күн». Осылайша, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру сынып тәрбие сағаттарымен қатар «Шаңырақ» сағаттары арқылы да жүзеге асуда.
Бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеу – жалпыұлттық мәселе болғандықтан мектепте дебат зияткерлік ойыны да баса назардағы мәселеге айналды. «Дебат тек зияткерлік ойын емес, сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға үйрететін білім беру технологиясы» деп Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов айтқандай, мектеп Парламентінің «Жұлдызды қала» «Дебат» фракция­сы қалалық, аудандық, облыстық қазақша, орысша, ағылшынша лигаларынан жүлделі І орынды иеленіп, республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық турниріне жолдама алғандығын мақтанышпен айта аламыз. Жуырда мектебімізде «Жұлдызды қала жастары» дебат орталығының пікірсайысшылары «Дебат технологиясы – жаңа заман талабы» айдарымен «Ұшқыр ой алаңы» облыстық пікірсайыс шеберлік сыныбын өткізіп, үш тілде ойын көрсетіп, тәжірибе алмасты. Бұл – үлкен жетістік. Сонымен қатар білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу үшін құрылған мектептің Парламент жүйесі, ондағы фракциялардың жұмыс жоспарларына негізделген іс-шаралар мектептің оқу-тәрбие жұмысының ілгерілеуіне үлкен үлесін тигізіп отыр.
Келтірілген мысалдардың бәрі де мектеп қабырғасында жүріп жатқан жұмыстардың шағын бөлігі ғана.
«Мәңгілік Ел» ұғымының түп тамырына үңіле, тұғыры мықты дін, діл, тіл мәселелерінің бәрін бір арнаға тоғыстыра отырып бүгінде функционалды сауатты, заман ағымынан қалыс қалмайтын, десе де ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды сақтап, ұрпақ тәрбиелеуді өздеріне парыз еткен мектеп ұжымы әлі де талай бүлдіршінді біліммен қанаттандырып, биік белестерге жетелейтіні анық.

Жұма МАХАМБЕТОВА,
№277 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
30 сәуір 2022 ж. 1 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031