» » Тұрғын үй иелерін жаңа баспанасымен құттықтады

Тұрғын үй иелерін жаңа баспанасымен құттықтады

Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы, VII- шақырылымдағы «Nur Otan» партиясынан сайланған депутат Әділ Қошалақов ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген жаңа тұрғын үй иелерімен кездесті.
Кездесу барысында жаңа қоныс иелеріне бұл жоба «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына еңгізіліп, жүзеге асқанын жеткізді. Себебі ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйлер соңғы жылдары шаруашылықтар жеке кәсіпкерлер арқылы салынып, мемлекет тарапынан 2014 жылдан бері жаңа тұрғын үйлер салынбаған болатын. Сондықтан да бұл әлеуметтік жоба үнемі партия бақылауында болып бүінгі күні ауданның 10 көпбалалы отбасы жаңа үйлерге қол жеткізіп отыр. Алдағы уақытта да партия тарапынан бағдарламаға сәйкес атқарылатын ауқымды жұмыстарын түсіндіре отырып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Тұрғындар көптен күткен қуаныштарын бөлісе отырып, көп балалы аналардың атынан алғыстарын айтты.
Кездесу соңында Ә.Қошалақов көпбалалы ана Дабыкова Салтанаттың үйіне барып, жаңа үйге тұрмыстық техника мен балаларға сыйлықтар табыстады.

"ҚТ" ақпарат

28 желтоқсан 2021 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 612
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 388

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031