» » "Мал шаруашылығын әлден қолға алуымыз керек"

"Мал шаруашылығын әлден қолға алуымыз керек"

Бүгін менің қабылдауымда Қармақшы ауданының құрметті азаматы, Фермерлер одағының аудандық филиалының төрағасыы, Жосалы кенті қоғамдық қауымдастығының төрағасы Асқар Мереков болды. Бұл кісі – ұзақ жыл қызмет атқарған азамат. Қабылдауға келгендегі алғашқы мәселесі – мал шаруашылығының жайы. Біздің аймақ негізінен ауыл шаруашылығына бейім аудан. Оның ішінде егіншілік бағыты жақсы дамыған. Ал мал шаруашылығы қаншама суармалы, жайылымдық жерлеріміз бола тұра кенже қалып тұр. Бұл мәселенің айтылып та, жазылып та жүргеніне біршама уақыт болды. Біз аудандық мәслихаттың VII шақырылған сессиясында арнайы мал шаруашылығын дамыту мәселесін күн тәртібіне қойдық. Сонымен қатар биылғы жылдың өзінде аудан әкімдігінде жылдың басынан бері осы бағытта бірнеше жиын өтті. Сондай-ақ, өткен аптада Тараз қаласынан жерасты суын бұрғылап шығаратын мамандар келіп, ұсыныс-пікірлерін айтты. Мамандармен аудандық мәслихат және тиісті сала мамандары болып талқылау жасадық. Ал екінші мәселеде аудан орталығы болғандықтан Жосалы кентінің жайы туралы сөз қозғалды. «AMANAT» партиясы депуттарының тарапынан халықтың жағдайы, кент келбеті үнемі бақылауда болатынын жеткіздім.

Әділ ҚОШАЛАҚОВ
аудандық мәслихат хатшысы

22 сәуір 2022 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930