» » Қызылордада ғалымдардың жобасы мемлекеттен қолдау тапты

Қызылордада ғалымдардың жобасы мемлекеттен қолдау тапты



Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобалар конкурсына қатысты. Байқау нәтижесінде университеттің екі жобасы 30 миллион теңгеден аса қаржылай қолдау тапты.
«Аймақтың негізгі дақылы – күріш екені бәрімізге белгілі. Су тапшылығына байланысты күріш көлемін қысқарту туралы мәселе жиі көтеріліп жүр. Осыған байланысты біздің жас ғалымдар ғылыми зерттеу жүргізуде. Күріш қалдықтарын өңдеу барысында алынған биотыңайтқыш топырақ құнарлығын арттырады. Сол арқылы ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін ұлғайту жобасы өндіріске енгізіледі. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы тың әдістерді іске асыруымыз керек», – деді техника ғылымдарының докторы, агробиологиялық орталықтың бас ғылыми қызметкері Серікбай Өмірзақов.
Зерттеу жұмысын университеттің инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Ахатаев бастаған ғалымдар тобы жүргізді. Ғалым өсімдіктерді қорғау құралдарын, биотыңайтқыштар әзірлеу, топырақтың құнарлылығы мен сипаттамаларын жақсарту салаларын зерттеп келеді. Қазіргі таңда оның 70-тен аса ғылыми жұмысы бар.
«Инновациялық жоба топырақ құнарлығын арттыруда күріш қалдықтарын қайта өңдеу кезінде алынған биотыңайтқышты пайдалану есебінен көкөніс және бақша дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған. Жобаны Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылындағы «Тұрмағанбет» ЖШС-де іске асыру жоспарлануда. Болашақта өңірдің көп тонналы ауыл шаруашылығы қалдықтары биотыңайтқышқа қайта өңделетін болады», – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің химия ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Ахатаев.



25 сәуір 2022 ж. 731 1

Kathleen от 28 мамыр 2025 16:12
Whoa tons of awesome information. casino en ligne Incredible plenty of good facts! casino en ligne fiable You said it perfectly.! casino en ligne France Wonderful material, Kudos! casino en ligne Thank you! I enjoy this. meilleur casino en ligne Superb information, Thanks! casino en ligne France Wow a lot of terrific tips! casino en ligne fiable You explained this well. casino en ligne France Cheers, An abundance of info! meilleur casino en ligne Fantastic posts Thanks! casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 837
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30