» » Дәрігерлер қант диабетімен ауыратын науқастарды аман алып қалды

Дәрігерлер қант диабетімен ауыратын науқастарды аман алып қалды

Қант диабеті  ең көп таралған аурулардың бірі. Бұл дерттің асқынуын Сырдария аудандық ауруханасының дәрігерлері тоқтатуда. Хирургтар көптеген науқастарды мүгедектіктен аман алып қалды.

Қант диабетпен күресу 48 жастағы Інкәрдария аулының тұрғынының өмір салтына айналып қалған. Науқаста диабеттік ангиопатия, перефериялық артериаллардың зақымдануы, атеросклероз салдарынан аяғында гангрена пайда болды. Бірақ дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында ауыл тұрғының аяғын амал қалды.
«Көп жағдайда науқастың зақымдалған аяғында некроз болса, тізеден жоғары кесіп тастап едік. Енді емдеудің жаңа әдістерінің, медициналық құрал-жабдықтардың арқасында науқасты мүгедектіктен сақтай аламыз. Тек зардап шеккен мүшелерді, мысалы, саусақтарды, табанын алып тастаймыз», - дейді хирургия бөлімнің меңгерушісі Дәуірхан Тағыбергенов.
Аудандық аурухананың дәрігерлеріне аймақтың басқа елді мекеннен қант диабетімен ауратын науқастар жүгінеді. Мәселен, 41 жастағы вахталық жұмысшы да осындай жағдайға тап болған. Ол қант диабетімен ауыратынын білмеген. Аяғы ісінген соң өзін-өзі емдеген. Гангрена пайда болған кезде науқас дабыл қаққан. Дәрігерлер зардап шеккен саусақтарын кесіп, ер адамды мүгідектіктен аман алып қалды.
«Қант диабетімен ауыратын науқастарға қатаң диетаны ұстану, күнделік қандағы қант деңгейін бақылау ұсынылады. Барлық көрсеткіштерді күнделікке енгізу керек. Науқастың қалауы бойынша Сырдария аудандық ауруханасында Диабет мектебінен өтіп, дәрігердің бақылауымен диетаға үйренуі мүмкін. Қант деңгейі 15-20 ммоль/л болған емделушілерде 7 ммоль/л-ге дейін төмендеген мысалдар аз емес», - дейді Дәурхан Тағыбергенов.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов түсіндіріп өткендей, егер учаскелік дәрігер динамикалық бақылауға жататын осы әлеуметтік маңызды анықтаса, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) бірқатар медициналық қызметтер қолжетімді. Бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, бейінді дәрігерлердің кенесі, диагностикалық тексерулер, күндізгі және тәулік бойы стационарларда емдеу, паллиативтік көмек (ауыр сырқаттармен ауратын науқастарға демеуші терапия) және басқа да медициналық қызметтер. ТМККК-нен тыс медициналық қызметтерді алу үшін пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылуы тиіс.
Өңірде қант диабетімен ауыратын 14,5 мыңнан астам адам бар. Көбінесе облыс орталығы мен Шиелі ауданының тұрғындары.
21 сәуір 2022 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 905

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 939

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031