» » 14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні



Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні жыл сайын канадалық дәрігер және физиолог Фредерик Бантингтің туған күнінде аталып өтеді, ол ол 1922 жылы дәрігер Чарльз Бестпен бірге қант диабетімен ауыратын адамдардың өмірін сақтайтын инсулин препаратын жасады.
Қазақстанда қант диабетін емдеу тегін. Қант диабеті әлеуметтік маңызды ауруларға жатады, яғни мемлекет есебінен қаржыландырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов түсіндіріп өткендей, егер учаскелік дәрігер / терапевт динамикалық бақылауға жататын осы созылмалы ауруды анықтаса, барлық азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) бірқатар медициналық қызметтер қолжетімді. Бұл бейінді дәрігерлердің кенесі, диагностикалық тексерулер, күндізгі және тәулік бойы стационарларда емдеу, паллиативтік көмек (ауыр сырқаттармен ауратын науқастарға демеуші терапия) және басқа да медициналық қызметтер.


Сондай-ақ, ТМККК шеңберінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 666 бұйрығына сәйкес, қант диабетімен ауыратын науқастарға 23 дәрі-дәрмек және 7 медициналық мақсаттағы бұйым, оның ішінде шприц қаламына арналған инелер, бір реттік инсулин шприцтері, несептегі кетон денелерін анықтауға арналған тест-жолақтар, қандағы глюкозаны анықтауға арналған тест-жолақтар, инсулин помпалары, инфузиялық жиынтық және инсулин помпаларына арналған резервуар тегін беріледі. Барлығы әртүрлі мөлшерде және формада.
Басқаша айтқанда, шұғыл араласуды және байыпты мемлекеттік реттеуді талап ететін барлық нәрсе ТМККК есебінен, ал тегін қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша қызметтер – МӘМС есебінен қамтамасыз етіледі.
Көпшілігінде қант диабеті скрининг кезінде анықталады. Осыған байланысты дәрігерлер оны назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Шынында да, кез-келген сырқаттың диагнозы ертерек анықталса, емдеу соғұрлым сәтті болады.
Жыл басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы I және II типті қант диабетінің 2 294 жағдайын емдеуге 319,7 млн.теңге бөлді.


14 қараша 2020 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 907

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031