» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді



Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінде ZOOM платформасы арқылы “Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жауапты мамандар үшін «Балаларды ұтымды және теңгерімді тамақтандыру принциптері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Вебинар барысында жауапты мамандарға мекктеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің мақсат, міндеттері мен комиссия қорытындысына сәйкес жинақталатын құжаттар тізбесі жайлы ақпараттар ұсынылды.
Вебинарға Қызылорда облысы білім басқармасының бас маманы Жұманов Нұржан Алтынбекович, аудандық білім бөлімінің бас маманы Сарымсақов Нұрхан Узакбаевич және білім беру ұйымдарының барлығы 29 әлеуметтік педагог маман қатысты. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы N272 орта мектептің әлеуметтік педагогы Сарсенбаева Турсынкуль Алипбаевна «Балаларды ұтымды және теңгерімді тамақтану» тақырыбында баяндама жасап, балаларды теңгерімді тамақтандырудың 7 принципін мектеп асханасында сақталуы туралы ақрарат берілді:
1. Тағам рационының энергетикалық құндылығы баланың энергетикалық шығындарына сәйкестігі;
2. Тағамның химиялық құрамы ағзаның физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келуі;
3. Оның теңгерімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты тағам рационының әртүрлілігі;
4. Оңтайлы тамақтану режимі;
5. Жоғары сапалы дәмдік қасиетін және бастапқы тағамдық құндылығының сақталуын қамтамасыз ететін шарты тағамды дұрыс пайдалану;
6. Балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу;
7. Тағам қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету.
Вебинар соңында әлеуметтік педагог мамандардың тарапынан қойылған сұрақтарға білім басқармасынан Нұржан Жұманов лайықты жауап берді. Бұдан бөлек, жиын соңында қатысушылар балаларды сапалы тамақтандыруға байланысты ой-пікірін ортаға салып, тәжірибе алмасты.
18 сәуір 2022 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 171
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031