» » Қайрат Нұртай: Мемлекеттік қызметшілерді бопсалауға жол берілмейді

Қайрат Нұртай: Мемлекеттік қызметшілерді бопсалауға жол берілмейді



Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай аймақтағы өзекті мәселелер мен қоғамдық-саяси ахуал туралы брифинг өткізді.
«Қазіргі таңда қоғамда көтерілген кез-келген мәселе әлеуметтік желілер арқылы немесе басқа да ақпарат көздері арқылы жылдам тарап, қоғамдық пікір тудыруға себеп болып жатады. Алайда, бұл ақпараттың дұрыстығына ешкім кепіл бермейді. Сондықтан да қандай тақырыпта болмасын халыққа жан-жақты зерттелген, нақты ақпарат ұсыну маңызды», – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.
Жасыратыны жоқ, ақпарат көздері арқылы резонанс тудырып, сол арқылы рейтинг жасау көздейтіндер де бар. Кейбір жағдайларда еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікке кірбің түсіргісі келетін теріс ниетті топтар мен тұлғалардың тарапынан арандату әрекеттері де байқалады.
«Әлеуметтік желіде теріс бағытта пост шығарып, хайп, өзінің рейтингін көтеру – уақытша нәрсе. Ендігі жерде, мемлекеттік қызметшілерге жалған кемшілік тағу, бопсалау және оны жеке мүдделеріне пайдалануға жол берілмейді. Теріс бағытта арандатушылық ниетпен жазған желі қолданушысының ақпараты жоққа шығарылса, заң негізінде оның ісі сотқа дейін жолданады. Ал егер, мемлекеттік қызметшінің тарапынан кемшіліктер кетсе, заң алдында жауап береді. Қалай дегенмен де, біреуді қаралаған адамды қоғам түптің түбінде шеттетеді. Бүгінде біз өмір сүріп жатқан қоғам негативтен, теріс ақпараттан шаршады. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай іс-әрекеттерге заң аясында шектеулер қойылады», – деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.


31 наурыз 2022 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031