» » Ораза – 2022: Жарапазанды жатқа айтудан жарыс өтеді

Ораза – 2022: Жарапазанды жатқа айтудан жарыс өтеді

Ораза – 2022: Жарапазанды жатқа айтудан жарыс өтеді

Биыл Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтудан сайыс ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту – дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында арнайы сайыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы ретте игі дәстүрімізді бұқаралық сипатта насихаттау үшін ақпарат құралдары өкілдерін діни басқарманың ізгі бастамаларына ақпараттық қолдау көрсетуге үндеймін», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы ОКҚ-де онлайн өткен брифингте. Оның айтуынша, елімізде ата-бабаларымыздың сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолы – ихсан ілімі жан-жақты насихатталып келеді. «Алла Тағала қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамызды қабыл етіп, мол сауапқа кенелген пенделерінен еткей. Жаратушы Жаббар Иеміз елімізге амандық, жерімізге тыныштық беріп, тәуелсіздігімізді баянды еткей», - дейді ол. Бұған дейін хабарлағанымыздай елордада басқарма жанынан діни ақпарат беру орталығы ашылды. Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады.

28 наурыз 2022 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930