» » Өнер орталығы ашылды

Өнер орталығы ашылды



Өнер саласына құмартып жүрген өрендер енді кент ішінен ашылған «Кәусар» өнер орталығына барып қабілеттерін шыңдай алады. Онда балаларға би, домбыра, баян, мәнерлеп оқу, технология сынды қосымша сабақтардан дәріс беріліп, түрлі байқауға қатысуға мүмкіндік жасалады. Қуантарлығы, қандай үйірмеге қатыссаңыз да тегін.
Өнер орталығының ашылу салтанатына жиылғандар алдымен сала мамандарының құттықтауын тыңдады. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат Смағұловтар ауданда тағы бір шығармашылық орталығының ашылғанына қуанышты екенін жеткізіп, студияның тұңғыш шәкірттеріне сәттілік тіледі. Ал іс-шара барысында лента қиылып, дайындық аудиториялары таныстырылды. Салтанатты жиын соңы бүлдіршіндер өнерімен тәмамдалып, келген қонақтар фуршеттік дастарқаннан ауыз тиді.
– Қазір осындай өнер орталықтарын ашуға мемлекеттен қолдау көп. Біз де осы игілікті жүзеге асырғандардың біріміз. Орталықтың ашылуы білікті мамандарды жұмыспен қамтуға да септігін тигізуде. Сонымен қатар балалар мектептен тыс уақыттарын босқа өткізбей, бейімі бар саланы меңгеруге мүмкіндік алады. Біздегі мамандардың бәрі білікті. Жобаның мақсаты – ел ішіндегі дарынды балаларды жарыққа шығару. Оларды тек аудан, облыс емес, республикалық деңгейдегі байқауларға қатыстыруға атсалысамыз, – дейді орталықтың директоры, жеке кәсіпкер, көпбалалы ана Ұлдана Жетпісова.
Қазір «Өнерді үйрен де, жирен» деген халық даналығынан сусындағысы келген жастардың қатары көбейіп келеді. Сегіз қырлы, бір сырлы болу ешқашан да көптік етпейді. Сондықтан әр ата-ана баласын өнер орталығына апарып, тегін үйірмеден дәріс алуға бағыттаса екен.

Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ
26 наурыз 2022 ж. 1 047 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031