» » Жалағаш, Сырдария аудандарына қызметтік сапар

Жалағаш, Сырдария аудандарына қызметтік сапар


Үстіміздегі жылдың 17 наурыз күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Убайдуллақызы және Жалағаш аудан әкімі орынбасары Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы аудандық актив және қоғамдық кеңес өкілдерімен аудан әкімдігі ғимаратында жүздесуімен іссапар өз бастауын алды.
Жалағаш аудан әкімі орынбасары сыбайлас жемқорлық профилактикасы күн тәртібіндегі мәселе екенін атап өтіп, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы өз баяндамасымен таныстырды.
Кейінгі кезекте Ғалия Убайдуллақызы және Сырдария ауданының әкім орынбасары Нұртазаев Талғат Мейрамханұлы аудандық актив пен кеңес өкілдерімен аудан әкімдігі ғимаратында кездесу өткізді.
Сырдария аудан әкімі орынбасары өз өңірінде әр түрлі саладағы туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық қағидаларын қалыптастыру мәселелері және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, оның алдын алу жұмыстарын тиімділігін арттыру жайлы баяндама жасады.
Кездесулер барысында, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндеттер блогы сөз етілді.
Аудандық іс-шараларға департамент спикерлері пулы мүшесі “Әділдік жолы” РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Бактибаева, Превенция басқармасының бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы, жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
25 наурыз 2022 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930