» » Жаңақорған ауданында кездесулер өтті

Жаңақорған ауданында кездесулер өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Убайдуллақызы және Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбеков Ердулла Нұртазаұлы аудан активтерімен кездесу өткізді.
Аудан әкімі орынбасары сыбайлас жемқорлық профилактикасы күнделікті алға қойылатын талап екендігін атап өтіп, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндама жасады.
Кездесу барысында Ғалия Убайдуллақызы – бүгінгі таңдағы қоғам жұртының сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор екендігі және де елімізде Қазақи рухы биік ұлттық идея мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың қалыптасуы, бұл – экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты болып табылатынын атап өтті.
Келесі кездесулер Жаңақорған білім беру ұйымдарында және аудан кәсіпкерлері арасында жалғасын тапты.
Сонымен қатар, Департамент спикерлері пулы мүшелері “Әділдік жолы” РҚБ -нің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Бактибаева және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры Мадалиева Ақзада Алайдарқызы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын таныстыра кетті.
Мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
25 наурыз 2022 ж. 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930