Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін кеңінен талқылау мақсатында аудан активімен кездесу өтті
Қармақшы ауданының әкімінің орынбасары Қойшыбаев Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Ляззат Бақтыбаева және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жандос Тұсмағамбетов Қармақшы аудандық активінің және аудандық бөлімдердің басшыларының қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ғалия Ұбайдуллақызы –бүгінгі таңда қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор екендігін атап өтіп, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасына баса назар аударды.
Сондай-ақ мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу және ішкі мониторинг бойынша ұсыныстар берді.
Өз кезегінде Қармақшы аудан әкімінің орынбасары Қойшыбаев Жандос Еркінбекұлы ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы қысқаша хабарлама жасады.
Кездесу соңында, қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлық заңнамаларына енгізілген жаңашылдықтар бойынша сауалдарына жауаптар беріліп, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлар туралы осы ұйымның облыстық филиалының жетекшісі Ляззат Бақтыбаева айтып берді.
Сонымен қатар қоғамдық қабылдау өтті. Азаматтарды қабылдауды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы мен "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Жандос Тұсмағамбетов және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Ляззат Бақтыбаева жүргізді.
Түрлі сұрақтармен жүгінген барлық азаматтар қабылданды. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі – баспанасыз, үй сұрайды. Сонымен қатар жер, қаржы, жұмыс сұрап келгендер де бар. Барлық арыз-шағымдар мұқият тыңдалып, заң тұрғысында кеңестер берілді.