Балабақшадағы өнерлі өрендер

Ал мұнда бүлдіршіндерді бағыт-бағдар беруші тәрбиешілерге тапсырамыз. Сондайда балаға тәлім беретін жан білікті, білімді болса дейміз. Болады да. Осындайда ұрпақ тәрбиелеу ісінде тәрбиешілердің еңбегі ерекше екенін түсінеміз, ұғынамыз. Қош. ІІІ Интернационал ауылында №9 «Достық» бөбекжай-бақшасы бар. Мұндағы «Колокольчик» ересектер тобында өнерлі өрендер көп дейді тәрбиешілері Нұргүл Жұбанқызы, Маржан Назарқызы, Сара Маханбетжанқызы.
Мәселен, былтыр мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Менің Туым. Менің Елтаңбам. Менің Әнұраным» атты қашықтан облыстық патриоттық әндер байқауына қатысқан Сағадат Камил ІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Өлең айтып, көрермен көзайымына айналған ол түрлі облыстық байқаулардың жеңімпазы.

Әр баланың жүрегіне ерекше мейірімділікпен жол таба білген балабақша тәлімгерлеріне де құрмет зор. Олар балаларды Отансүйгіштікке, адами қасиеттерге тәрбиелеу ісіне айрықша көңіл бөлуде. Иә, әрбір балаға бағыт-бағдар беріп, жанына жылу сыйлау – екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Балақайлардың апайларына өнерлі өрендердің шабытын шыңдауына сәттілік тілейміз.
Айнұр ӘЛИ