» » ТАЛАНТТЫЛАР ТӨРГЕ ОЗДЫ

ТАЛАНТТЫЛАР ТӨРГЕ ОЗДЫ

                        
     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру – ұрпақ игілігіне бағытталған жол» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және «Ұлы дала елінің өнерлі де өрелі, талантты ұрпағымыз» атты балалар өнер байқауы өтті. Оған халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің Қармақшы ауданы бойынша өкілетті директоры А.Өткелбаева ұйытқы болды.
      Аудандық білім бөлімінің қолдауымен өтілген шараға мектеп оқушылары мен оқушылар үйінің үйірме мүшелері, бөбекжай тәрбиеленушілері қатысып, бақ сынасты. Конференцияны «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің президенті Ә.Нұрманов ашып, балалар шығармашылығы жайында кеңінен сөз қозғады. – Мақсатымыз – ұстаздармен оқушылардың интеллектуалды шығармашылығының дамуына үлес қосу, жасөспірімдерді ғылыми зерттеу және жобалау жұмыстарына баулу, олардың ғылыми жетістіктері мен біліктілігін арттыруға ықпал ету, – деді ол.      
     Байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан талантты өрендер бірлестіктің бағалы сыйлығы, төсбелгісі, алғыс хатымен марапатталды.
                                                                                                  С.РАЙЫМБАЕВА,
                                                                                                   «Қармақшы таңы».
11 маусым 2018 ж. 1 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930