» » Қызы – қылықты ел едік...

Қызы – қылықты ел едік...

ЖАРТАСҚА БАРЫП, КҮНДЕ АЙҚАЙ САЛАТЫН ЖАЙ ЖОҚ БІЗДЕ. МҰНДАЙ ОЙДЫ ҚОЗҒАУҒА ТҮРТКІ БОЛҒАН СЕБЕП КӨП. ҚАЗІР БІЗ ЖАС БАЛА СЕКІЛДІМІЗ. ЕЛІКТЕЙМІЗ. ӘРНӘРСЕНІ ҮЙРЕНГІМІЗ-АҚ КЕЛЕДІ. АЛДАНАМЫЗ, АРБАНАМЫЗ. РУ, ТІЛ, ДІН, ДІЛ, НЕ БАР, БАРЛЫҒЫНДА БІР КЕМТІК БОЛА ТҰРА, ҚҰШАҚ АШҚАНҒА БАЛАША ҰМТЫЛАМЫЗ. АЛ ТАЛАЙЫНЫҢ БІЗГЕ ЕМЕШЕГІ ҚҰРЫП ОТЫРҒАНЫ ШАМАЛЫ. ЖҰТЫНЫП ТҰРЫП, ЖҰТУҒА БАР. САНАМЫЗ БОЛСА ӘЛІ ТҰМАН.
«Орақ ұстап әкең қалғанша, оймақ ұстап шешең қалсын» дегенді естіп пе едіңіз? Ана жолымен емес, әке жолымен тарайтын елдің таңдағаны осы болды ма дейсің іштей. Асылында бұл қазақтың ананы, әйелді құрметтемеуі деп түсінбеу керек. Ана – ол қашанда ана. Жатбауыр етіп баласын тастаған да, түсік жасап тіршілікке қоспаған да, жат баланы бауырына басқан да – Ана. «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында». Алайда, әкенің орны бөлек. Ол әрдайым бірінші орында тұруы тиіс. Өкініштісі сол, әйелдің беделі үшін жұмыс істейтін қоғам құрып келеді. Күң жұмсап, барлығын қолда ұстап, үйдегі қазан асулы, қатарласқан балалары бағулы, құлай кетер жылы төсегі салулы әйелдер ел алдында сөйлеп, ердің алдын орайтындай күн туыпты...
Ерлер де бұған бейімделіп алған. Барлығын ысырып, ала дорбасын қолына ұстатып, жұмысқа шығарған ерлер жатыр үйінде. Шөлмегін құшақтап, ұрпағын ұсақтап, өсек айтқанына мәз болған жігіттер де бар арамызда. Баласының тілін тауып, әйелі келерде қамыр илеп, нан жауып байбалам болған тірлік ше?
Қазір қазақта бас қадірі кетті. «Бағым кетеді» деп өзгеге бермейтін қазақ бас киімі кім көрінгеннің мазағына айналып жүр. Сәукеле киіп, жалаңаш денесін жарнамалаған қыздар көкемізді көзімізге көрсетті. Шуылымыз да, гуіліміз де басылып, талқылаудан өтті, кетті. Бірақ, қазақтың бас киімі сол күйі қорланып қалды. Қоғам болып әр бұрыштан әу дегенімізбен шешімді тірлік көргеніміз жоқ.
«Түн ұйқысын төрт бөлген» деп анаға айтады. Ал бүгінде сол түн ұйқысын қимайтындардың айын оңынан тудырған – памперс деген дүние бар. Баласының бұтын бұлтитып 24 сағат нәжісі мен зәрін арқалатып қойып тағы жүрміз. Жаялық жууға ерінеміз. Ондада жұмысыңды кір жуғыш машина атқарар еді. Бесік жатыр қоқыс арасында тербеле. «Монеж» тұр темір тордай теңселе. Ертеңшіл қазақ баланың болашағын қашырып отырғанын елемей ме?
Қазір әлеуметтік желіні аша қалсаң жүктілігін көрсете алмай отқан қызды, келінді көресің. Тіпті жүктілік тестін қорапқа орап, сүйіншілеп, сыйлыққа беріп, сый қылып жатады. Тіпті ата-енесінің алдынан бұлғаңдап өтіп, еш қысылмастан жүктілігін де өзі сүйіншілеп жатқан жас келінді де көріп жүрміз. Ал қазақ жүктіліктің алғашқы айларын қатерлі санаған. Құрсақ шашу шашып, құрсақ той жасап, туғандарынан сүйінші сұраған. Аяғы ауыр әйелдің бастапқы үш айы қауіпті кезең, баланың орнықпаған кезі деп санап, бөтен адамдарға естіртпеген. Алғашқы үш айда жүкті әйел кең киімдер киіп, басқалардан аяғы ауыр екенін құпияда ұстаған. Жүкті болған кезде үкі қауырсынын тағу, күміс теңге тағу, тұмар тағу секілді дәстүрлер орындалған. Бұл тіл мен көз тимесін деген амалы екен. Аяғы ауыр әйелді арықтан, керулі тұрған арқаннан аттатпайды, сиыр саудырмайды, сүзеген малдардың, иттің қасына жақындатпайды...
Әкімшіліктің алды анау, кірпігі бір қарыс, тырнағы сояудай аналар көмекке зәру екенін айтып зар жылауда. Әлеуметтік желің мынау, қайыршылықты кәсіп етіп, 100-200 теңгеге бұлғаңдай билей кететіндер көбейген.
Мұның бәрі қайдан пайда болды? Жаһанданудан көрудің түк мәні жоқ. Бұл үш боладыны ұмытқаннан шыққан дерт, төбеден емес, етек пен балақтан енген сырқат. Үйде отырып бала тапқан қыз, әкені сабаған ұл, ананы бетінен алған бойжеткен, отбасын қастерлемеген бозбала... Бірді айтып, бірге кетеміз. «Бас жаққа барыспайық» деген бар еді, қызды-қыздыға салып біраз жайды айтып салдық. Етек-жеңімізді жинап, бұрынғының үш-ақ ауыз сөзін тыңдап, «тәйтін» қайта тірілтейікші. Тоқ етері де, топ етері де сол болсын.

Айнұр ӘЛИ
10 наурыз 2022 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031