» » «Rocky boxer» бізде де бар

«Rocky boxer» бізде де бар

Қалаларда қыз-жігіттердің дәл осы құрылғыны ұрып, күшін сынап жатқанын көретінбіз. Қалтаңда аз-маз тиының болса болғаны, әлгіге саласың да, білектегі күшіңнің мықтылығын көресің. Жаныңдағыларға дәлелдейсің. Қалаға жолы түскен ауылдағы жігіттер соны ұрмай кетпейтіні бар-тын, ендігі ол аппарат қазір кентте тұр.
Қандай да бір істі бастамас бұрын адамға алдымен бірқатар қабілет керек. Соның бірі – ұйымдастыру, іздену. Сондай қабілетті бойына жиған, халыққа қызмет етіп, мүлт кетпеген мүмкіндікті тиімді пайдаланған жанның бірі – Жосалы кентінің тұрғыны Мейрбек Төлепбергенов.
Ол 2014 жылы аудандағы басты көшелердің бірінен дүкен орнын сатып алады. Ал 2015 жылы тәуекел етіп мемлекеттен 6 процентпен берілетін 7,5 млн теңге көлеміндегі несиеге қол жеткізеді. Алған қаржыға үлкен станок алып, компьютерлік клубқа айналдырады. Алдымен жарнама орталығы болса, екінші жағынан компьютер жөндеу қызметтерін қолға алады. Қазіргі таңда «Дильназ» компьютерлік жөндеу және дизайн орталығы аудан бойынша қызмет көрсетуде. Ал оның дәл алдында біз қаузаған «білектің күшін» анықтайтын құрылғы тұр.
– Бірде бірге жұмыс істейтін Ерасыл деген бауырым осы идеяны айтты. Орталыққа «Rocky boxer силомер» аппаратын неге әкелмейсің деп ой тас­тады. Неге жүзеге асырмасқа деген ниетпен көп ойламай, Алматыға барып, алып келдім. Қойылғанына көп болған жоқ. Қазір жігіттер келіп, әр соққыға 100 теңгеден салып ойнап жатыр. Ойлап қарасам, жалпы тіршілікті бастағалы жоқтан бар жасауға болатынын түсіндім. Мен кәсіп бас­тарда көбі сенімсіздік танытты. Мүмкін басынан өткен соң ба? Бірақ барлығы жақындарыңның қолдауына байланыс­ты екен. Кеудеңде үмітің сөнбей алға қарай ұмтылсаң алынбайтын қамал жоқ. Иә, бизнес немесе кез келген жұмыс сатысын 0-ден 10-ға дейін деп алсақ, көбі 11-ге бір-ақ жоғарылағысы келеді. Барлығының тез-тез болғанын қалайды. Дайын дүниені күтеді. Бірақ бәрі осыншалықты жеңіл қарайтын дүние емес. Алдымен адам бойында өзіне деген сенім мен сабырлық ұштасуы керек, – дейді кәсіпкердің өзі.
«Қалауын тапса – қар жанады» деген осы екен ғой.

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
01 наурыз 2022 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031