» » Ел игілігі – басты назарда

Ел игілігі – басты назарда


2021 жылдың 29 қаңтары күні өткен Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықовтың «Жосалы кентінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және одан әрі дамуының негізгі бағыттары туралы» халық алдындағы есепті жиналысында айтылған 2021 жылы жоспарлаған құрылыс, жол жөндеу жұмыстары республикадан, облыстан қолдау тауып, тиісті қаржысы бөлінуде.
Оның ішінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен Жолдыбаев көшесі бойында орналасқан Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақтың ішінен денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының басталуына 218 млн 950 мың теңге, 6 көшеге орташа жөндеу жүргізуге 309 млн 264 мың теңге қаржы бөлінді. Асфальттанатын көшелерді атап айтар болсақ: Абай, Қорқыт ата, Құдабаев, Мырзағалиева, Рүстембеков, Теміржол көшелері. Жол жөндеу жұмыстарына жыл соңына дейін қосымша қаржы бөлінетін болады.
Ал, Қызылорда облысында жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған Жол картасы аясында жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобасымен Жосалы кентінен көп балалы аналарға арнап 10 тұрғын үй сатып алуға 85 млн теңге және Мөлтек ықшам ауданынан 19 арендалық тұрғын үй құрылысын салуға 357 млн 833 мың қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру үшін аудандық бюджеттен 17 млн 392 мың теңге қаржы бөлініп, бес үйдің ауласына балалар ойын алаңы орналастырылатын болады.
Ендігі кезекте «Мемлекеттік сатып алу» Заңының талаптарына сәйкес, ашық конкурс жарияланады.
Бұл жобалар аудан орталығының инфрақұрылымына, халықтың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай оң өзгеріс әкеледі деп күтілуде.
Жосалы кентінің әкімшілігі

28 сәуір 2021 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031