» » Қазақстанда спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

Қазақстанда спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

Қазақстанда бұқаралық және кәсіби спортты дамытудың жаңа жоспары қабылданады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Спорт секцияларынан бастап олимпиадалық резервті қалыптастыруға дейінгі барлық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесінде кешенді үлкен өзгерістер қажет. Бүгінгі таңда біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Ол дегеніміз инфрақұрылымды дамыту, жарыстар мен дайындық жиындарының күнтізбесін жүйелеу, кәсіби және бұқаралық спортты қаржыландыруда теңгерім орнату.
Сонымен қатар барлық деңгейдегі спорт мектептерін жасақтауды, төрешілерді, жаттықтырушыларды, спорт дәрігерлерін және тағы басқаларды қоса алғанда, спортты дамытудың бағдарламалық пайымын қалыптастыру. Осы орайда спортты дамыту бағдарламасын әзірлеп, Президентпен келісіп, оны іске асыруға кірісеміз.
Оған қоса спортшыларды келесі «Париж-2024» және «Милан-2026» олимпиада ойындарына дайындаудың екі қосалқы бағдарламасы бар», деді Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, министр спортты дамыту шарасына тікелей өзі жауап беретінін айтты.
«Министрлік оларды іске асыру үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын. Спортты дамытудың бағдарламалық көзқарасын дайындаудағы алғашқы қадам - спортшыларды даярлаудың бүкіл жүйесінің жай-күйін тәуелсіз кешенді тексеру болуға тиіс. Жауапты вице-министрден оны ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындауды сұраймын», дейді ол. 




25 ақпан 2022 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930