» » Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма? Маман пікір білдірді

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма? Маман пікір білдірді

Ірі құрылыс компаниялары тұрғын үй нарығындағы бағаны бүгінде өздері қояды. Ал пәтерлер бағасының өсуіне құрылыс материалдарының құны ғана әсер етпейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бүгін салынып жатқан үйлердің бағасы мен сапасының арақатынасын сақтау қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, кейбір мердігерлер ресурстары мен қажетті техникасы болмаса да ірі тендерлерге қатысады. Бұл жүйені өзгерту керек. Ведомство бірқатар қажетті құжаттарды дайындады.
“Адамдардың сапалы нәтиже талап етуі заңды. Сондықтан, тұрғын үй құнын төмен түсіріп, сапасын қамтамасыз етпеу дұрыс емес. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек. Құрылыс компаниясына осы шектегі төлемге сапалы тұрғын үй салуға мүмкіндік беруіміз керек”, – дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.
Шенеуніктің айтуынша, бұл салада күрделі мәселелер бар. Нарық өсіп келе жатқан сұранысқа үлгермей жатыр.
Инфрақұрылымды салу қосымша уақытты қажет етеді. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы функциялардың бір бөлігін мемлекеттен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына беруді ұсынады. Талғат Ерғалиевтің айтуынша, нарық заңы ғана жағдайды түзете алады. Тұрғын үй бағасын ұстап тұру әрекеттері қазір тиімсіз.
“Өткен жылдан бастап бағалар төмендейді деп айтылған, бірақ олар төмендеп жатқан жоқ. Сондықтан баға өсіп кетпеуі үшін бағаны тұрақтандыру міндеті тұр. Бұл айтарлықтай үлкен іс. Бірақ өткенге қарасақ, бағалар үнемі өсіп отырады және менің ойымша, одан әрі өсе береді”, – дейді Талғат Ерғалиев, Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы.
23 ақпан 2022 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031