» » Газ бекеттерінде талап бұзылмау керек

Газ бекеттерінде талап бұзылмау керек


Жыл өткен сайын елімізде тұрғын үй өртінің белең алуы көбеймесе азаймай тұр. Өрттің шығу салдарына қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау сеп болып отыр. Соның бірі – тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллонының жиі жарылуы. Бұл жағдай көбіне аудан, ауылдық жерлерде орын алуда. Оған себеп – газ құю бекетінен толтырылған газ баллондарының шыдас бермей, жарылысқа әкеп соғуы. Қазір заңсыз автокөлікке газ құю бекетінен тұрмыстық баллонға газ толтыруды жиі көзіміз шалып жүргені рас.
Осыған орай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық поли­ция және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерімен бірге "Автогаз құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу" акциясы аясында кенттегі барлық автогаз құю бекеттерін аралады. Онда тұрмыстық газ баллондарын рұқсаты жоқ бекеттерде газ толтыруға болмайтыны жөнінде ескертпе қағаз таратты. Себебі пропан газы тұрмыстық бутан газына қарағанда әлдеқайда тез кеңеюіне байланысты көп жағдайда жарылысқа әкеп соғады. Естеріңізде болса 2021 жылдың наурыз айында кентте болған тұрғын үй жарылысы, сонымен қатар биыл жыл басында орын алған Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылындағы тұрғын үйде тұрмыстық газ баллонының жарылуы осыған дәлел. Қатты жарылыстың залалынан адамдар опат болып, үлкен шығынға ұшырады.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Назар­құлов газ құю бекетіндегі оператор қызметкерлерге жадынамадағы ескертпелерді түсіндіріп, талаптарды бұзбауға үндеді. Заңға қарсы келген жағдайда үлкен көлемде айыппұл салынатынын ескертті.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР-ның 2012 жылғы 9 қаңтарындағы №532-IV Заңына сәйкес, автогаз құю стансаларында сұйытылған газды тұрмыстық газ баллондарына құюға тыйым салынады» делінген. Тек арнайы рұқсаты бар газ толтыру бекеттері мен стансаларда газ құюға және толтыруға болады. Егер газ құю бекетінде баллондарға пропан газын құюға жол берілген жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 170 бабының 3 тармағына сәйкес, сұйытылған мұнай-газын өткізу тәртібінің талаптарын бұзғаны үшін 75 АЕК-ден 700 АЕК-ге дейін (218 775 – 2 041 900 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
15 ақпан 2022 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 271

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 368

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930