» » Кейбір мобильдік қосымшаларды гаджетте сақтау қауіпті саналады

Кейбір мобильдік қосымшаларды гаджетте сақтау қауіпті саналады

Қаржы нарығын реттеу агенттігі кейбір мобильдік қосымшалар азаматтың жеке басына қатысты мәліметтер базасы болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Пайдаланушылар қауіпті мобильдік қосымшаларды байқаусызда немесе біреудің нұсқауы бойынша білместіктен жүктеп алуы мүмкін.
"Мәселен, банктің қауіпсіздік қызметінің өкілі қоңырау шалып, хакерлік шабуыл туралы хабарлап, оны тек деректерді қорғауға арналған белгілі бір қосымша қорғай алады деп айтуы мүмкін. Көп жағдайда азаматтар электрондық пошта, SMS арқылы келген сілтеме бойынша өтіп, телефонға күмәнді бағдарламаны автоматты түрде жүктеп алуы ықтимал", - дейді мамандар.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметінше, көп жағдайда балалар девайстарға тексерілмеген көздерден ойындар, түрлі модтар, яғни түрлі жаңартылған ойындар жүктеп алып жатады, ал олар шпиондық болуы мүмкін.
Ұтыс ойындарының әуесқойлары блогерлердің гивтеріне қатысу үшін қосымшалар орнатады, ал сенгіш жасөспірімдер беймәлім сәнді виджеттер мен фоторедакторларды жүктеп алады.
Күдікті софттарды  кез келген адам, тіпті ресми дүкендерден жүктеп алулары мүмкін. Иә, тіптен осындай тексерілген алаңдардың өзінде кей жағдайларда танымал бағдарламалардың астыртын вирус кіргізілген жаңартылған "нұсқалары" кездеседі – бұл жерде хакерлердің кейбір жалған қосымшаларды қаншалықты сапалы жасайтынына таң қалу ғана қалады.  Бағдарламаларды әр жаңартқан сайын оның осал тұстары да арта түседі. 
"Өз смартфоныңызға қосымша жүктегіңіз келсе, онда Play Market және App Store-ға басымдық беріңіз, ол белгісіз ресурстарға қарағанда қауіпсіз. Мобильдік қосымшаны жүктер алдында оның рейтінгін зерттеп, сондай-ақ пайдаланушылардың пікірлерімен танысыңыз. Сондай-ақ, басқа пайдаланушылардың оның қанша рет жүктегеніне көңіл аударыңыз: неғұрлым көп болса, соғұрлым сенімді", - дейді мамандар.
11 ақпан 2022 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031