» » Денсаулық, сымбат, сергектік...

Денсаулық, сымбат, сергектік...


Қазір қыстың соңғы айы. Көктеммен қатар нәзікжандылардың да құлпыратыны сөзсіз. Алайда «Жазға дейін азу керек» дегенді сол жандардан жиі естиміз. «Ауылда фитнес болса ғой» дейтіндер де аз емес-тін. Ал жақында қыз-келіншектерге арналған би-жаттығу үйірмесінің ашылғанын естідік. Жаттықтырушыларымен байланысып, мән-жайды сұрап білдік.
Бұл идеяны ойлап қана қоймай іске асырған жандар – Сәния Молдабаева мен Жазира Сәтбергенова. Би әлемінде қанат қаққан қос ару аудандық мәдениет үйі жанынан «Зумба» би үйірмесін ашуды қолға алыпты.
– Көз тартар көрік пен сүйсіндіретін сымбатқа қол жеткізу оңай емес. Ол үшін үнемі белсенді болып, көп қозғалу керек. Жаттығу жасауды да жадыңыздан шығармағаныңыз абзал. Бірақ, кейбір жандар жаттығу жасағанды қаламайды. Олардың да сымбатты болуға мүмкіндігі бар ғой. Қалай дейсіз бе? Мәселен, билеу арқылы. Фитнес-билер тек қана дене бітімін қалыпты ұстауға көмектеспей, денсаулыққа да оң әсер береді. Міне, сондай бидің бірі – зумба. Зумба – бұл топтық фитнес-би. Онда әдеттегі аэробты қозғалыстар, латын-америкалық бидің, хип-хоп пен шығыс биінің қимылдары бар. Сабақ сальса, румба, меренге, фламенко және басқа бағыттар ырғағымен өткізіледі. Зумба артық салмақ тастауға арналған жаттығуларға қарағанда ерекше. Өйткені, билеу арқылы көңілді кештерде жүргендей әсер қалдырады, – дейді жаттықтырушы Сәния Молдабаева.
Үйірмедегі би аптасына 3 рет болады. Қазір келушілердің қатары артып, алғысын білдіріп жатқандар жетерлік.
– Бізге келуші қыз-келіншектер осындай үйірменің ашылғанына дән риза. Өздерінің қозғалыстары жеңілдегенін, күні бойы сергек жүретінін айтуда. Көпшіліктің арасында жүріп мотивациямен салмақ тастаған әлдеқайда жеңіл әрі қызық деп салмақ тастаудан жарысып, тез нәтиже көрсетіп жатыр. Дұрыс тамақтануды да айтамыз. Әсіресе тез дайындалатын тамақтардан және газдалған сусындардан бас тартуын талап етеміз, – дейді жаттықтырушы Жазира Сәтбергенова.
Алдағы уақытта сұраныс артса тек қыз-келіншектерге арналған тренажерлық орын ашуды жоспарлауда. Сонымен қатар джампинг курстары мен түрлі марафондар ұйымдастырмақ ниетте. Жаттықтырушылардың айтуынша, қазіргі үйірме тек арықтау ғана емес, саламатты өмір салтын да дұрыс ұстану үшін.
Айнұр ӘЛИ
08 ақпан 2022 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031