БУЫНСЫЗ БАЛА

Елішінде қайталанбас, ерекше қабілеті баржандар болады. Солардың бірідарынды өнерпаз Алданыш Қосымбекұлы. Ақтөбе ауы­лының тумасы қазіргі таң­да Астана қаласындағы С.Сей­фуллин атындағы Қа­зақагро техникалық уни­вер­­ситетінде білім алуда. Алданыштың кішкентай ке­зін­де-ақ, дене мүшелерінің аса иілгіш екенін ата-анасы байқағанымен өзі мектеп қа­быр­ғасында білім алып жүргенде біліпті. Қызық үшін ға­ламтордан түрлі жаттығулар жасап көрген ол мол мүм­кіндігі барын аң­ғарады. Өнерін алғаш та­машалаған сыныптастары мен ұстаздары. Денешы­нық­тыру сабағында буындарын майыстырып, түрлі жаттығу жасап бәрінтаң қалдырады екен.
Бірнеше мәрте бүктеліп, қысқа толқынды пеш тәріздес жәшікке оп-оңай сыйып кете алатынына қазір астаналықтар тәнті болып жүр. Бүгінде шығармашылық қоржынында небір трюктар бар. Өмірге үлкен қауіп төндіретіні, оның ішінде жантүршгерлік трюктар болады. Мысалы, пышақжұтады, бойындағы өнерді пайдаланып, буындарды майыстырып сан түрлі өне ркөрсетеді.
Табиғат берген қабілет Алданышты үлкен өнердің жолына жетелейді. Былтыр циркке шақырту алыпты. Бірақ мемлекеттік грант арқылы түскен окуын бітіріп, мамандығын алғысы келеді. Содан кейін өнержолына түссемдейді. Алдағы уақытта сайыстарға қатысып, түрлі деңгейдегі концерттерде өнер көрсетуді армандайды.
Менің дене мүшелерімнің иілгіштік қасиеті бойыма туа біткен. Сондықтан үнемі жаттығу жасап, дайындалудың қажеті жоқ. Жасамаймында. Халық алдына шығып импровизация жасағанды ұнатамын. Өнеріме тәнті болып жүрген жандардың ішінде маған келіп кеңес сұрап, үйретуді ө
тінетін жастарда бар. Шыны керек, қалтасы таяз студентпіз. Сабақтан қолым қалт етсе, күн көріс қамымен той-томалақтан қолым босамайды. Бір күнде бірнеше тойда өнер көрсетемін. Өнеріме деген сұраныс күн сайын артып келеді. Сол үшін жаңа, көпшілікті таңқалдыратын, тың трюктар ойлап табуға тырысамын, ізденемін, – дейді талап иесі.
Табиғи талант иесінің елішінен қолдау тапса бұл қарқыны бәсеңдемейді. Жерлесіміздің жетістігі көбейіп, өнері бағаланып, рекордтар кітабына еніп жатса үлкен мақтаныш емес пе?!
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.
30 қаңтар 2018 ж. 1 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031