» » Қызылордалық «Kitap Qurttary» кітап клубына 3 жыл толды

Қызылордалық «Kitap Qurttary» кітап клубына 3 жыл толды



Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» кітапсүйер қауым «Kitap Qurttary» еріктілер клубының 3 жылдығын атап өтті.
Іс-шараны ашқан «Kitap Qurttary» клубының негізін қалаушы Талғат Меңдібаев ұйымның 3 жыл ішінде жасаған жұмыстарын таныстырды. Осы уақыт ішінде клуб құрамына түрлі саладағы ерікті азаматтар мен жанашыр тұлғалар жиналып, буккроссинг, кинотайм, косплей-пати, «Кітап сыйла» қайырымдылық іс-шаралар мен интеллектуалдық сайыстар өткізілді. Нәтижесінде кітап клубының аудандарда, жергілікті оқу орындарында филиалдары ашылды. Тіпті жақында Атырау облысында да өкілдігі құрылмақ.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет жастардың пікірлерін саралай келе, отандық және шетелдік әдебиеттердің өскелең ұрпақтың ой-санасын дамуына зор ықпал ететінін және «Кітап құрттарындағы» интеллектуалды жастардың арасынан жаңа есімдердің шығару қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, аймақ басшысының атынан «Сыр – Алаштың анасы» кітабын сыйға тартты.
Кеш қонақтары кітап клубының аймақтың интеллектуалдық әлеуетін дамытып, креативті жастардың жан-жақты қолдауына қосқан үлесін жоғары бағалап, ізгі тілектерін білдірді және ұйымның қорын бірнеше құнды кітапты сыйға тартты және өздерінің сүйікті шығармалары туралы еркін пікір алмасты.


03 ақпан 2022 ж. 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930